Республикамызда моноқалаларды дамыту бағдарламасы шеңберінде Кентау қаласына бүгінде ел үкіметі тарапынан және жергілікті биліктің қолдауымен қыруар қаржы бөлініп, қарқынды дамып келеді. Ондағы кәсіпкерлерге де мемлекет тарапынан жан-жақты қолдаулар көрсетіліп, бүгінгі таңда олар жеңілдетілген несие мен грантқа қол жеткізіп жатыр. Сонымен қатар, Кентау қаласында Индустриялды аймақ құрылған болатын. Қазірде онда «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында көптеген жобалар жүзеге асырылу үстінде.Осындай кәсіпорынның бірі өткен жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев индустрияландыру жұмыстарының бірінші жартыжылдықтағы қорытындысына арналған жалпыұлттық телекөпір барысында іске қосқан «ЮгЭлектроПривод» зауыты. Кәсіпорын осы жылдың алты айында 96,9 млн. теңге болатын 3264 дана трансформаторларға жабдықтаушы құрал-жабдықтар, айырғыштар, өшіргіштер шығарып, өнімін шығарды. Кәсіпорында Қазақстан бойынша аналогы жоқ, трансформаторлар үшін жаңа өнім түрлерін (вакуумды ажыратқыштар) шығару өндірісі жолға қойылған. Зауыт құрылысына 828 млн.теңге инвестиция тартылып, қосымша 50 жұмыс орны ашылған.
Ұқсас жаңалықтар
Шымкентте елімізде теңдесі жоқ трансформатор зауыты іске қосылмақ
Оңтүстік Қазақстанда елімізде теңдесі жоқ трансформатор зауыты іске қосылады. 2016 жылдан бастап салына бастаған нысан құрылысының жұмысымен облыс әкімі Жансейіт Түймебаев арнайы барып танысты.«Тассай» индустриалды аймағында орналасқан алып зауыт 2018 жылдың екінші тоқсанында іске қосылады […]
Шымкенттен шығатын трансформаторлар ТМД елдеріне экспортталмақ
Шымкенттегі «Тассай» индустриалды аймағында орналасқан «Asia Trafo» ЖШС-нің трансформатор зауытында құрастырылған қуат реттегіштер ТМД елдеріне экспортталатын болады. Өйткені, ол трансформаторлардың сапасы өте жоғары, бәсекеге қабілетті болмақ.Оның үстіне зауыт өнімдері Қазақстан мен ТМД елдерінің сұранасын қанағаттандырады […]
Кентауда тұрғындардың орташа өмір сүру жасы 3 жасқа өскен
Бұл туралы бүгін ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде ұйымдастырылған баспасөз конференциясында Кентау қаласының әкімі Әбдібақыт Мақұлбаев хабарлады. Кентау қаласында халықтың денсаулығы қала басшысының басты назарында екен. Осының арқасында денсаулық сақтау саласында қыруар жұмыс атқарылып, жасалған жұмыс […]
Пікір қалдыру