Кентауда тұрғындардың орташа өмір сүру жасы 3 жасқа өскен

Бұл туралы бүгін ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде ұйымдастырылған баспасөз конференциясында Кентау қаласының әкімі Әбдібақыт Мақұлбаев хабарлады.

Кентау қаласында халықтың денсаулығы қала басшысының басты назарында екен. Осының арқасында денсаулық сақтау саласында қыруар жұмыс атқарылып, жасалған жұмыс өз нәтежиесін беріп жатқан көрінеді. Өйткені, Кентауда халықтың орташа өмір сүру жасы үш жасқа ұлғайып, ана мен бала өлімі азайған. Мұнан бөлек түрлі қауіпті дерттерге шалдыққандардың саны да анағұрлымға кеміп отыр.

Нақтырақ айтар болсақ, кенділер шаһарында халықтың орташа өмір сүру ұзақтығы 67 жастан 70 жасқа жоғарылапты. Сәйкесінше, нәрестелер өлім-жітім көрсеткіші 1000 балаға шаққанда 17,1%-дан 4,6%-ға төмендеп отыр. Сонымен қатар,  өлім-жітім көрсеткіші 1000 адамға шаққанда 7,1 пайыздан 1,6 пайызға азайғанын айта кеткен жөн. Ал, туберкулез дертімен сырқаттанушылық 1000 адамға шаққанда 85 пайыздан 27  пайызға төмендеп, қан айналым жүйесінен болған өлім-жітім көрсеткіші 1000 адамға шаққанда 137,2 пайыздан 10,7 пайызға, онкологиялық аурудан болған өлім-жітім көрсеткіші 1000 адамға шаққанда 35,8 пайыздан 15 пайызға кеміпті.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*