«Шымкент» ӘКК» ҰҚ» Акционерлік Қоғамы бірнеше жобасын Қазығұрт ауданында жүзеге асырып отыр. Мәселен, солардың бірі 209 га аймаққа орналасатын «Интенсивті бақтар» агропаркі. «Шымкент» ӘКК» ҰҚ» АҚ бастамашы болып табылатын жобаны қолға алу 2018 жылға жоспарланған. Жалпы құны 11,8 млн. АҚШ долларын құрайтын «Интенсивті бақтар» жобасы толық қуаттылықта жұмыс істегенде жылына 10,4 мың тонна өнім береді деп күтілуде. Сонымен бірге, әкімшілік-іскерлік орталығының маңынан мемлекеттік бағдарлама аясында 8 қабатты тұрғын үй мен «Shymkent Towers» атты бизнес орталығы бар тұрғын үй кешенін салу көзделуде. Ал өңірдегі электр қуатына деген тапшылық аймақта жалпы құны 44,1 млрд. теңге болатын 17 суэлектрстанциясы салынғанда түбегейлі шешіліп, стансалар 73,2 МВт электр қуатына дейін өндіріп тұрмақ.«Smart Ontustik» жобасын жүзеге асыру аясында да белсенді жұмыстар атқарылуда. Оны іске асыру ісі үш кезеңмен жүргізілуде: бірінші кезең әкімнің ахуалдық орталығын құру (ӘАО) болса, екінші кезеңде «Smart Ontustik» жобасының кеңсесі құрылып, одан соң, транспорт, білім, энергетика, тұрғын үй коммуналды шаруашылығы, ауыл шаруашылығы және халықтың қауіпсіздігі салаларында жоспарлар іске асырыла бастайды.
Ұқсас жаңалықтар
Ж.Түймебаев: Қазығұртта таңқурай өсіру ісін жандандыру қажет
Таңқурай бұталы көпжылдық өсімдік саналады. Жабайы түрде азғана болса да көлеңкелі жерде жақсы өседі. Осыны ескерген қожалық ауыл іргесіндегі қыратты аумақта арнайы таңдапты. Қожалық алдағы уақытта жеміс көлемін 1,5 гектарға ұлғайтамын деп отыр. Шаруаның жұмыс […]
Қазығұрт, Сарыағаш, Мақтаарал аудандарының халқы Өгем өзенінен су ішетін болады
Бүгінгі таңда елімізде «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» мемлекеттік бағдарламасы аясында, 2017 жылы ауыз сумен қамтамасыз ету саласында 26 нысанның құрылысына 3,1 миллиард теңге бөлінген. Бұл қаржыға, негізінен, су құбыры мүлдем жоқ 10 елді мекенге […]
Шымкент қаласында «Туған жер-алтын бесігім» облыстық фестивалі аясында Қазығұрт ауданының күндері өтті
Шымкентте «Туған жер-алтын бесігім» облыстық фестивалі аясында Қазығұрт ауданының күндері кешке дейін ұласып, ауданның мəдениет және руханият саласын қала халқына көрсету, насихаттау, аймақтың өзіндік ерекшелігін танытуға арналды.Осы орайда, Əл Фараби алаңындағы салтанатты ашылумен бастау алған […]
Пікір қалдыру