Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданында жергілікті әкімдік пен облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының ұйымдастыруымен «Мақтарал ауданының жағдайында мақта баптаудың инновациялық әдістерін қолдану» тақырыбында семинар — тренинг өтті.Жиынға аудан әкімі Ғалым Исмаилов, облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серік Тұрбеков, Шардара, Ордабасы аудандары мен Түркістан қаласы әкімдерінің салалық орынбасарлары және ауыл шаруашылығы бөлімдерінің басшылары, сондай-ақ Алматы мен Жамбыл облыстарынан келген ғалымдар, жергілікті шаруалар қатысып, тың тәжірибелер мен жаңалықтардың куәсі болды.Ең алдымен семинар тренингке қатысушылар Достық ауылдық округіндегі К-19-7 каналының бойында «Қазақ су шаруашылығы» ғылыми зерттеу институты ойлап тапқан су өлшеуіш құралды практикалық сынақтан өткізді. Институт мамандары құрастырған су деңгейінің датчигі ультрадыбысты өлшегіш арқылы су деңгейінің өзгерісі туралы ақпараттарды қашықтан алуға мүмкіндік береді. Ақпарат жеке почтаңызға немесе СМС түрінде мобильді телефоныңызға келіп түседі. Компьютер мен смартфон дамыған бүгінгі таңда мақтаралдық диқандарға бұл құрылғымен жұмыс жасау қиындық тудырмайды. Жалпы, ДУВ 0,005-10 датчигін суармалы жүйелердің гидробекеттеріне енгізу – су деңгейі мен шығынын анықтау дәлдігін жоғарылатады және ақпаратты жылдам алуға көмектеседі.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-ды биыл мақта 25 мың гектарға артық егілді
Еліміз бойынша ақ алтынның 100 пайызы Оңтүстікте өндіріледі. Ал, мақта дақылын өсірумен облыстағы 10 ауданның шаруалары айналысып келеді. Мақта дақылы экспорттық маңызға ие болғандықтан егіс көлемі жылдан жылға артып келеді. Мәселен, биыл Оңтүстікте 134,6 мың […]
Мақтааралда 75 мыңнан астам оқушы тәрбиеленуде
Мақтарал ауданында «Қазақстанның жаңғыруы 3.0 — білімнің үлесі» атты педагогикалық қызметкерлердің тамыз конференциясы болып өтті. Жиынға аудан әкімі Ғ.Исмаилов, аудан әкімінің орынбасары М.Жолдасбеков, облыстық Білім басқармасының әдістемелік кабинетінің басшысы Н.Қалиева, аудандық «Нұр Отан» партиясы төрағасының […]
Мақтааралда «Ұлт аралық татулық — тұрақтылық кепілі» тақырыбында жиын өтті
Бүгін, Мақтаарал ауданындағы Ералиев ауылдық округіне қарасты «Дәуір» және «Қастеев» жалпы орта мектептерінде жоғарғы сынып оқушылары және ауыл тұрғындары арасында «Ұлт аралық татулық — тұрақтылық кепілі» тақырыбында және жастар арасында тәртіп пен тәрбиені насихаттау мақсатында […]
Пікір қалдыру