Мақтааралда «Ұлт аралық татулық — тұрақтылық кепілі» тақырыбында жиын өтті

Бүгін, Мақтаарал ауданындағы Ералиев ауылдық округіне қарасты «Дәуір» және «Қастеев» жалпы орта мектептерінде жоғарғы сынып оқушылары және ауыл тұрғындары арасында «Ұлт аралық татулық — тұрақтылық кепілі» тақырыбында және жастар арасында тәртіп пен тәрбиені насихаттау мақсатында кездесу болып өтті.Жиынға, Мақтаарал аудандық «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Абай Есенбеков, аудандық прокуратураның аға прокуроры М.Ералиев, аудандық «әлеуметтік — психалогиялық сүйемелдеу» ортылығының басшысы Ербол Буртенов және «Дәуір» ЖОМ-нің директоры Л.Тушегенова, ауылдық округ учаскелік полиция инспекторлары қатысқанын айта кеткен жөн. Кездесу барысында,  құқықбұзушылықтарды алдын алу және этнос аралық татулықты нығайту, ата-аналарға және ұстаздарға құрмет тақырыптарында кеңінен әңгіме қозғалды. Жиынад мектеп оқушыларымен ауыл тұрғындары өз көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, жиналысты ұйымдастырушылармен қызу пікір алмасты. Кездесу соңында мектеп басшылары ұйымдастыру алқасына алғыстарын білдіріп, осындай іс-шараның көптеп ұйымдастырылуына қолдау білдіретіндігін айтып өтті.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*