Мақтааралдық Қарабековтер әулетінің педагогикалық еңбек өтілі 500 жылға жуық

Мақтаарал ауданында ұстаздардың төл мерекесінде болашақ ұрпақты тәрбиелеу ісінде жемісті еңбек етіп келе жатқан бір топ мұғалімдер ҚР Білім және ғылым министрілігінің «Құрмет» грамотасымен, облыстық білім басқармасының «Алғыс хаттарымен», аудан әкімінің және аудандық білім бөлімінің «Алғыс хаттарымен» марапатталды. Ардагер ұстаздарға аудандық білім бөлімі тарапынан гүл шоқтары мен бағалы сыйлықтар табыс етілді. Сондай-ақ, мерекелік кеште еңбек өтілі 494 жылды құрайтын Қарабековтар әулеті марапатталды.

Мақтарал ауданы кәсіподақ ұйымының төрағасы Пернебек Бахтияров: «Ұстаздар күні жалпы ұстаздарымызға, ардагерлерімізге, педагогикалық мамандықты таңдаған жалпы халыққа бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын дейміз. Елдің, халықтың абыройына бөлене берсін. Еліміздің болашақтарын жетілдіріп, өсіруде еңбек етуден тайынбасын!» — деді.

Мерекелік жиында балабақша бүлдіршіндері мен мектептердің өнерлі оқушылары концерттік бағдарламаларын қойып, ұстаздарға деген құрметтерін көрсетті. Айта кетейік, Мақтарал ауданында 125 мектепте 70 мыңнан аса шәкірт білім алады. Оларды тәрбиелеп, білім беру ісіне 9 мыңнан аса ұстаздар қауымы ат салысуда.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*