Мақтааралдық диқандар жиналған қауынның 70 пайызын экспорттаған

Оңтүістік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев жұмыс сапарымен Мақтарал ауданында болып, бірқатар шаруа қожалықтар мен өндіріс ошақтарының жұмыстарымен танысты. Сондай-ақ, жылына үш рет егін егіп, еліміздің солтүстік аймақтарын бау-бақша өнімдерімен қамтып отырған еңбекқор шаруалармен кездесті.Мырзашөл өңірінің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткішін баяндаған аудан әкімі Ғалым Исмаилов биылғы жылы 131,4 мың гектарға  егін егілгенін атап өтті. Оның ішінде 94 мың гектарға мақта егілген болатын. Сонымен қатар, 368,4 гектарына күнбағыс, 85 гектарға картоп, 24 мың гектардан астам жерге бақша өнімдері отырғызылған. Мұнан бөлек, 2417,3 гектар жерге көкөніс, 56 гектарға жүзім мен тағы басқа да өнімдер егілген. Мақтаралдық диқандар егілген 18,4 мың гектар қауыннан бүгінде 19 мың тоннадан астам бақша дақылын жинап үлгергенін айта кеткен жөн. Нақтырақ айтақанда, оның  ішінде 70 пайызын шетелге экспорттаса, қалған 30 пайызын Қазақстан нарығына саудалаған. Бүгінде еліміздің солтүстік, батыс, шығыс өңірлері мен Алматы, Астана қалалары оңтүстік диқандарының бақша өнімдерін жеп отырғаны әмбеге аян.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*