ОҚО шаруалары 328 мың тонна шитті мақта жинады

Оңтүстік Қазақстан облысының шаруалары 328 мың тонна шитті мақта жинады. Айта кету керек бұл өз кезегінде өткен жылмен салыстырғанда 41 мың тоннаға артық. Бүгінде мақтаның әр гектарына орташа түсімділігі гектарына 24,5 центнерге жетіп отыр. Сонымен қатар, жиналған ақ алтынның 196,6 мың тоннасы немесе 60 пайызы машинамен терілді. Яғни, бұл дегеніміз мақта алқаптарында 500 ден астам комбайн теру жұмыстарын жүргізіп келген. Ал, қазіргі таңда жиын-терім науқаны толығымен аяқталды.Еліміз бойынша ақ алтынның 100 пайызы Оңтүстік Қазақстан облысында өндіріледі. Ал, мақта дақылын өсірумен облыстағы 10 ауданның шаруалары айналысып келеді. Мақта дақылы экспорттық маңызға ие болғандықтан егіс көлемі жылдан жылға артып келеді. Мәселен, биыл Оңтүстікте 134,6 мың га жерге шитті мақта егілсе, бұл өткен жылмен салыстырғанда 25 мың га артық.  Көктемнің кеш түсуі мен ауа райының қолайсыздығына байланысты биыл мақта теру жұмыстары қараша айының 20-сына дейін созылды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*