Отырарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнінде жиын өтті

Отырар ауданында сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі аудандық комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиынға аудандағы мекеме қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты.
Жиынды аудан әкімінің міндетін атқарушы Рыскелді Әліш ашып, жүргізіп отырды. Мінбеге көтеріліп, арнайы баяндама жасаған аудан әкімі аппараты заң бөлімінің басшысы Таңат Тілеужан сыбайлас жемқорлық індетінің мемлекет пен қоғамға келтірер залалы жөнінде кеңінен сөз қозғап, оның алдын-алу шараларын қолға алудың маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ, баяндамашы сыбайлас жемқорлықтың қауіп-қатері жөнінде тек келелі жиындарда ғана сөз етпей, әрбір мекеме, кәсіпорын өз қызметкерлері арасында арнайы жиындар өткізіп, жүйелі шаралар қабылдау қажеттігін, БАҚ беттерінде аталмыш індеттен көпшілікті сақтандыру бағытында мақалалар жазудың оңды іс екенін тілге тиек етті.
Жиынды қорытындылаған Рыскелді Салхутдинұлы сыбайлас жемқорлықпен күресу тек құзырлы органдардың ғана міндеті емес, жалпы қоғамның ортақ ісі екендігін ерекше атап өтіп, көпшілікті сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және онымен ымырасыз күресуге шақырды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*