ЖОЛДАУ АЛДЫМЫЗҒА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ЖҮКТЕЙДІ

Жылдағы дәстүр бойынша Елбасы Жолдауын насихаттау мақсатында ауданымызға ҚР Парламенті Сенатының депутаты Әли Әбдікәрімұлы Бектаев келіп, аудан тұрғындарымен кездесті. Кездесуге аудандық мәслихат депутаттары, ауылдық округ, поселке әкімдері, дербес бөлім басшылары, шаруа қожалықтарының төрағалары, қоғамдық ұйымдардың жетекшілері, аудан тұрғындары және білім, денсаулық сақтау салаларының қызметкерлері, аудандық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысы.
Жиынды аудан әкімі Ерлан Айтаханов ашып, жүргізіп отырды. Кездесуде сөз алған Сенатор ағымдағы жылдың 5 қазан күнгі Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауының басты бағыттарына жеке-жеке тоқталып, Ұлт Көшбасшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының ұлттық кодымызға, болмысымыз бен санамыздың дамуына маңызы өте зор екендігін әңгімеге арқау етті. Сенатор өз сөзінде: «Мемлекет Басшысының жыл сайынғы Жолдауларын бір-бірінен бөліп қарауға болмайды. Барлығын да бір-бірін толықтырып, бір-бірімен үндесіп жатқан маңызды, стратегиялық құжат деп білуіміз қажет. Биылғы Жолдаудың мәні тереңде болды. Өйткені Президентіміз халықтың көкейінде жүрген мәселелерді қозғап, халық табысының өсуі, кәсіпкерлікті дамыту, тұрмыс сапасын арттыру секілді міндеттерді жүктеді. Ел тұрғындарының өмірі мен сапалы тұрмысын жақсартуда, экономикасы дамыған, әлеуеті жоғары мемлекет қалыптастыруда аталған міндеттердің маңызы зор»,-деп, Жолдаудың негізгі басым бағыттарын егжей-тегжей түсінікті етіп баяндады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*