Мақтааралдық ұстаздар сый-сияпатқа ие болды

Мақтарал ауданында Ұстаздар күніне арналған «Ұстаз – ұлы тұлға» атты мерекелік іс-шарасы аталып өтті. Мерекеге аудан басшылары мен ардагерлер, ұстаздар қауымы қатысты.Мектептің басты тұлғасы, жүрегі — мұғалім. Егемен еліміздің ертеңін ойлар білімді де саналы, Отанын, туған жерін, ұлтын сүйетін ұлтжанды, парасатты азаматты тәрбиелеуде мұғалімнің еңбегі орасан зор екені белгілі. Іс-шараға аудан әкімі арнайы қатысып, айтулы мерекемен ұстаздарды құттықтады.

«Өсіріп отырған өзіңіздің отбасыларыңыздың, тәрбие беріп жатқан оқушыларыңыздың арасында үлкен тұлғалардың шығуына тілектеспіз. Ауданымыздың білім саласы өркендей берсін. Сіздерге, сіздердің отбасыларыңызға денсаулық, жақсылық, жұмыстарыңызға табыс тілеймін! Мерекелеріңіз құтты болсын!» — деді аудан басшысы Ғ.Исмаилов.

Ұстаздардың төл мерекесінде болашақ ұрпақты тәрбиелеу ісінде жемісті еңбек етіп келе жатқан бір топ мұғалімдер ҚР Білім және ғылым министрілігінің «Құрмет» грамотасымен, облыстық білім басқармасының «Алғыс хаттарымен», аудан әкімінің және аудандық білім бөлімінің «Алғыс хаттарымен» марапатталды. Ардагер ұстаздарға аудандық білім бөлімі тарапынан гүл шоқтары мен бағалы сыйлықтар табыс етілді. Сондай-ақ, мерекелік кеште еңбек өтілі 494 жылды құрайтын Қарабековтар әулеті марапатталды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*