Әдеп жөніндегі уәкіл кімдер бола алады?

МақтааралдаӘдеп жөніндегі уәкіл сайланды. Жалпы, әдеп жөніндегі уәкілдікке бірнеше кандидатты ұсынған кадр бөлімінің басшысы Н.Саттаров ең бірінші оның мемлекеттік қызметтегі тәжірибесі, жауапкершілігі ескерілу қажеттігін айтты.«Әдеп жөнiндегi уәкiл – қызметтiк әдеп нормаларының сақталуын қадағалайтын және мемлекеттiк қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы заңнама мен Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң Әдеп кодексi талаптары бұзылуының алдын алуды назарда ұстайтын, сондай-ақ өз функциялары шегiнде мемлекеттiк қызметшiлер мен азаматтарға кеңес беретiн мемлекеттiк қызметшi» — дейді Н.Саттаров.Айта кетейік, әдеп жөніндегі уәкіл өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайларда оларды қорғауға және қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдайды, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауын мониторингтеуді және бақылауды жүзеге асырады, мемлекеттік қызметтің оң бейнесін қалыптастыруға өз үлесін қосады. Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама және қызметтік әдеп нормалары талаптарын бұзудың алдын алуды қамтамасыз етеді. Мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға кеңес береді. Сонымен қатар, мемлекеттік органның оң имиджін және ұжымда жағымды ахуал қалыптастыруға елеулі үлес қосқан қызметшілерді көтермелеу туралы ұсыным білдіреді. Осылайша, әдеп жөніндегі уәкіл сыбайлас жемқорлықты ұлттық құндылыққа жат құбылыс ретінде сезіну, қабылдамау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастырудағы өз үлесін қосады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*