МАҚТАРАЛ АУДАНЫНЫҢ ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛІ САЙЛАНДЫ

Сыбайлас жемқорлыққа деген төзбеушілік әрбір қазақстандықтың азаматтық ұстанымына айналуы тиіс. Осы мақсаттарды бағындыру үшін мемлекеттік қызметтің жаңа моделін енгізу шеңберінде елімізде мемлекеттік органдарда Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығына сәйкес жаңа институт – әдеп жөніндегі уәкілдер институты енгізілді және олардың арнайы Ережесі бекітілді.Әдеп жөніндегі уәкілдер институтын нығайту, халықтың мемлекетттік органдарға деген сенімінің артуына, мемлекеттік қызметте өзара қатынастар мәдениетінің қалыптасуына, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың және қызметтік әдеп нормаларын бұзылуының алдын алуға мүмкіндіктер береді. Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығына сәйкес Мақтарал ауданында аппарат басшысы Б.Тегембаевтың басшылығымен жиын өтті. Аудан әкімінің орынбасарлары, ауылдық округтердің әкімдері, дербес бөлімдердің басшылары қатысқан іс-шарада мемлекеттің қызметкерлердің ашық дауыс беруі арқылы бір ауыздан Мақтарал ауданының әдеп жөніндегі уәкілі болып аудан әкімінің кеңесшісі Н.Набатов сайланды.Набатов Нарзілда Асылбекұлы 1959 жылы 13 қаңтарда ОҚО-да туылған. 1982 жылы Алматы сәулет-құрылыс институтын бітірген. Еңбек жолын Ресей Федерациясының №11790 әскери бөлімшесінде Рота командирінің орынбасары болып бастайды. Мемлекеттік қызметте 30 жылға жуық тәжірибесі бар. Бүгінде Мақтарал ауданы әкімінің кеңесшісі болып қызмет атқаруда.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*