Ешкiм де, ешнәрсе де ұмытылмайды!

 

9 мамыр-Ұлы жеңіс күні  Аязхан Қалыбеков ауыл округi «Үлгiлi» ауылында Ұлы Отан соғысына «Атамұра» ауылынынан аттанған қаһарман жауынгерлер рухына таызым жасалып, үлкен мерекелiк iс-шара өттi. Бұл күнi майдангерлер құрметiне орнатылған Ескерткiш-обелискi маңына аудан жұртшылыµы көптеп жиналды. Осы ауылдан соғысқа аттанып елге оралмаған боздақтар ұрпағы әке-апаларын қимастықпен, сағынышпен еске алып, монументке гүл шоқтарын қойды.

Үлкен қабырғаларна iлiнген «Ешкiм де, ешнәрсе де ұмытылмайды», «Ұрпаққа ұран болған-Ұлы Жеңiске 72 жыл!», «Отанды қорµау-азаматтың парыз» деген жалынды лозунгiлер көзге шалынып, патриоттық сезiмге бөлеп, жанарға ерiксiз жас үйiретiн майдан әндерi асқақтай шырқалды. Мерекелiк жиында аудан әкiмi Ғ.Исмаилов сөз сөйлеп, соғыс ардагерлерi бiздiң бақытты, бейбiт өмiрiмiзге, Тәуелсiздiгiмiзге жарқын жол ашты. Сондықтан, халқымыздың майдандағы және тылдағы ерлiктерiне орасан зор құрметiмiздi бiлдiремiз,-дей келiп, барша мақтааралдықтарды Жеңiстiң 72 жылдығымен құттықтап, зор денсаулық және отбастарына амандық, бақ-береке тiледi.

Мерекелiк басқосуда аудандық iшкi саясат, мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмiнiң басшысы Пердеш Есенбеков сұрапыл соғыс пен елдiң ерен ерлiгi жайында мазмұнда баяндама жасады.

— Бiздiң Мақтаарал ауданынан майданға 13 мыңға жуық азаматтар аттанған. Ал Мырзашөлдiң кеңшарында «Мақтаарал» совхозынан кейiн құрылған Ленин атындаµы колхоздан (Прогресс сельсоветi) сол сұрапыл соғысқа мыңнан астам азаматтар аттанып, ел қорғауға қатысты. Ол бұрын 10 колхоз болған екен. Ауылдан аттанып, қайтпаған боздақтар саны — 672. Соғысқа барып, аман-есен елге оралғандары 200-ге жетер жетпес,-дедi Пердеш Есенбекұлы.

Ұлы Жеңiстiң 30 жылдығына арналып, осыдан 42 жыл бұрын, 1975 жылы колхоз орталығынан зәулiм Ескерткiш — обелискiнi колхоз басшысы ардақты азамат Қалыбеков Аязхан ағамыз азаматтық көрсетiп, ұйымдастырып салдырды. Соғыс құрбандарына арналған Ескерткiштiº қабырғасында оралмаµан боздақтардың есiмдерi тасқа ойылып жазылған. Кеңес Одағының Батыры Ж.Нұрлыбаевтың да бейнесi мен есiмi ерекше көрсетiлген. 1975 жылы Грузия Республикасы, Тбилиси қаласындағы мүсiншi-суретшiлер Михаил Автондель Ескерткiш-обелискi кешенiн тастан қашап, «1941-1945» жылдар белесiн яғни соысқа аттану мен жеңiспен оралу көрiнiсiн бейнелесе, арасындағы тақталарға (темiрден) ауылдан аттанып оралмаған солдаттардыº есiмдерi жазылған. Ал мұнаралы Ескерткiште 4 солдаттың-танкист, матрос, ұшқыш, төртiншiсi Кеңес Одағы Батыры Ж.Нұрлыбаевтың алып тұлғалары тастан қашалып бейнеленген.

Бүгiнде ауылды көкiрегi ояу, көзi ашық намысты азаматтары елге ерлiкпен аман-есен оралып, бүгiнде марм болған 170-тен астам ардагерлердiң есiмдерiн тасқа ойып жаздырып, ұрпақ жадында жатталуына жағдай жасамақ ниетте.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*