Терең тарихтан – жарқын болашаққа

2017 жыл Түркі халықтарының басын біріктіретін «ТҮРКСОЙ» халықаралық ұйымының шешімімен Түркістан қаласы – «Түркі әлемінің мәдени астанасы» деп жарияланғаны белгілі. Аталған жоба Түркі әлемінің ортақ ақпараттық кеңістігін қалыптастырып, түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастығын нығайтуға, сондай-ақ, ортақ мәдениет пен өркениет қалыптастыруға ықпалын тигізері сөзсіз.

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі мен Халықаралық Түркі академиясының ұйымдастыруымен Түркістан қаласында өтетін «Түркі әлемі және ақпараттық кеңістік» халықаралық журналистер форумына қатысатын бір топ БАҚ өкілдері ауданымызда болды. Киелі өлкеге алғаш келген қонақтарды аудан әкімінің орынбасары Пердехан Жаппарқұлов пен аудандық мәслихат хатшысы Мырзахан Манапов қарсы алып, ауданның бүгінгі тыныс-тіршілігімен таныстырды. 


Сонау, ХІІ-ХІІІ ғасырдан сыр шертетін шежірелі Отырар жеріне қызыққан қаламгерлер «Отырартөбеге» барып, ежелгі Отырар тарихымен танысты. Әр төбесі бір дәуірді сөйлеткен қасиетті орында журналистер өзара пікір алмасып, тарихқа толы жылдардан ақпарат алмасты.
Мұнан соң топ мүшелері Арыстанбаб кесесіне барып, аты аңызға айналған баба басына зиярат жасады. Қаламгерлерге аудан әкімдігінің қызметкерлері сый-сыйапат жасап, құрмет көрсетті.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*