Сарыағаш пен Мақтаарал аудандарының шаруалары қарбыздарын Ресейге экпорттап жатыр

Сарыағаштық шаруалар аудандағы қарбыз өсіретін Бозай, Жамбыл ауылдық округтеріндегі 720 га егістіктен 170 тонна қарбыздың ерте пісетін сұрыпын жинап, көрші мемлекеттің Магнитогорск және Белорецк қалаларына жөнелтті. Жергілікті қожалық иелері қарбыздың келесі партиясын саудалауға дайындалып жүр. Таяуда 200 тонна қарбыз тағы да еліміздің солтүстік аймақтарына жол тартады деп күтілуде. Жалпы, сарыағаштықтар бақшалықтан өткен жылы 105 мың тонна қауын-қарбыз жиған болатын. Биылғы болжам 120 мың тоннаға жетеді дейді аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің мамандары. Ал Сарыағашта бақша өнімдері 4,5 мың га алқапқа егілсе, оның 3,5 мың га-нда қауын-қарбыз бапталуда. Оның ішінде 720 га танап ерте пісетін қарбыз түріне арналған.Мақтааралдық қарбыз өсірушілер де көршілес аудандағы әріптестерінен қалысар емес. Онда бүгінде 100 тонна қарбыз Ресейге экспортталып үлгерген. Аудандағы «Атамекен» ауылдық округінің диқандары қарбыздың әр келісін 150 теңгеден өткізіп жатыр. Ал жалпы биыл Мақтаарал ауданында 5700 гектарға қарбыз егілген.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*