Мақтарал ауданының суармалы жерлеріне жер асты және қашыртқы кәріз суларын фосфогипс енгізу арқылы пайдалану технологиясын ғалымдар бірнеше айдан бері «Кетебай» кооперативінде сынақтан өткізіп келген. Сынақтан өтіп жатқан технологияның басты мақсаты — суармалы жерлердің құнарлығын сақтай отырып мол өнімге қол жеткізу. «Фосфогипсті бір рет енгізген жағдайда кемінде 3-4 жыл бойы жер құнарлығын жоғалтпайды», — дейді «Қазақ су шаруашылығы» ғылыми зерттеу институтының ғалымдары.Семинар тренинге қатысушылардың келесі аялдаған жері – Ж.Ералиев ауылдық округіндегі «Нұралы жол» шаруа қожалығы. Ербол Ералиевтің басшылығындағы қожалық 7 жыл бұрын ауданда ең бірінші болып «терең қопсыту» технологиясын қолданған болатын. Нәтижесінде қожалық мақтасының өнімділігі 40 центнерге дейін артты. Бұл технологияның бір пайдасы – мақта алқабы қысқы суару кезеңінде көбірек су қажет еткенімен, жазғы суару кезінде суды көп қажет етпейді және ол мақтаралдықтар үшін өте тиімді. Осылайша Мақтаралда мақта өндіруден алдына жан салмайтын шаруашылықтың тәжірибесін семинар-тренингке қатысушылар көріп, үйреніп қайтты.
Ұқсас жаңалықтар
Мақтааралда қозапаядан жасалған жиһаздық бұйымдар экспортталып жатыр
Мақтааралда жылына 72 мың дана қозапая тақтасын дайындайтын цехта, бүгінде 29 адам жұмыс жасайды. Өндіріс орны 1 тонна қозапая үшін 3500 теңге сатып алады екен. Ал, 1 тонна ДСП дайындауға 100 мың теңге жұмсайтын көрінеді. […]
Мақтааралдық шаруалар Ресей мен Беларуске қырық қабат экспорттай бастады
Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданында қырыққабат өнімін жинау науқаны басталды. Қазірдің өзінде егістік алқаптарда 58 бригада құрылып, онда 900-ден астам жұмысшы қырыққабат жинауға кіріскен. Алғашқы өнімнің легі еліміздің түрлі аймақтары мен Ресей және Беларусь еліне […]
Пердеш Есенбеков: Жас ұрапқты тәрбеилеудегі әйелдерге жүктелетін міндет аса жауапты
Мақтарал ауданы әкімінің аппаратында Оңтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы аналар кеңесінің көшпелі отырысы өтті. Жиында ертеңгі болашағымыз ұрпақ тәрбиесі кеңінен сөз болды. Сонымен қатар, бүгінгі қазақ қоғамында орын алып жатқан кейбір келеңсіз оқиғаларға […]
Пікір қалдыру