Пердеш Есенбеков: Жас ұрапқты тәрбеилеудегі әйелдерге жүктелетін міндет аса жауапты

Мақтарал ауданы әкімінің аппаратында Оңтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы аналар кеңесінің көшпелі отырысы өтті. Жиында ертеңгі болашағымыз ұрпақ тәрбиесі кеңінен сөз болды. Сонымен қатар, бүгінгі қазақ қоғамында орын алып жатқан кейбір келеңсіз оқиғаларға тоқталып өтті.

«Ұлы жазушы М.Әуезов «Қазақ, ел болам десең — бесігіңді түзе, бесігіңді түзегің келсе — әйеліңнің халін түзе» деп айтқан. Қазіргі таңда көбінесе баланы тәрбиелеу — үйде отырған аналарға жүктеледі. Одан әрі қарай балабақшада да, мектепте де білім мен тәрбие беретіндер көбінесе әйел кісілер. Бұл — білім саласында ер кісілердің аз болуымен байланысты. Сондықтан да, болашағымыз саналатын жас ұрапқты тәрбеилеудегі әйелдерге жүктелетін міндет аса жауапты. Ол үшін болашақта бала туып ана атанатын, баланы тәрбиелейтін бүгінгі қыз балаларымыздың тәрбиесіне, ар-намысына үлкен жауапкершілікпен мән беруіміз керек» — деді Мақтаарал аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Пердеш Есенбеков.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*