Оңтүстік Қазақстан облысында жыл соңына дейін 18 көпір тиісті жөндеуден өтіп, ел игілігіне беріледі деп күтіліп отыр. Атапа айтқанда, бүгінгі таңда 13 жол өткелі күрделі жөндеу көріп жатса, 5 көпір орташа жөндеу жұмыстары өтіп жатқанын айта кеткен жөн.Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мамандарының мәліметінше, аталған нысандар толығымен пайдалануға берілгенде бұл жағдай, өңірдегі жөндеуді қажет ететін көпірлер санының 101-ге дейін азаюына мүмкіндік береді екен.Сонымен бірге, жөндеуді қажет ететін көпірлердің қатарын азайту мақсатында осы жылы 26 көпірге, яғни, 11 өткелге күрделі жөндеу, 15 көпірге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттамалар әзірленіа жатқанын айта кетейік. Жыл қорытындысымен аталған 26 жобаға тиісті сараптама қорытындысы алынуы күтілуде. Осыған сәйкес, 26 жобаға құрылысты жүргізу үшін жергілікті бюджеттен қаржы қаралған жағдайда, аталған нысандарға келесі 2018 жылы құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілетін болады.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да үздік әлеуметтік жоба анықталды
Астана қаласында өтетін «Қазақстанда іске асырылатын үздік әлеуметтік жобалар» көрмесіне Оңтүстік Қазақстан облысынан «Адам саудасының құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету» атты әлеуметтік жобасы ұсынылады.Мүмкіндігі шектеулі және өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтардың проблемаларына қоғамның назарын […]
ОҚО-да омарташылар кооперативі құрылады
Оңтүстік Қазақстан облысында омарташылар кооперативі құрылады. Бұл өз кезегінде ішкі туризмді дамытып, шетелдік туристерді көптеп тартуға септігін тигізеді. Сондай-ақ оңтүстік омарташыларының бірлесіп, ұжымдасып жұмыс істеуіне ықпал ететін болады. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт […]
ОҚО-да облыстық маңызы бар алты жол жаңаратын болады
Оңтүстік Қазақстанда жыл соңына дейін облыстық маңызы бар алты автомобиль жолы қайта құру және күрделі жөндеу жұмыстарынан өтеді. Тиісті жұмыстарды бастауға таяуда облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында депутаттардың қолдауымен қомақты қаржы бөлінді.Атап айтқанда, осы жылдың екінші […]
Пікір қалдыру