ОҚО-да жыл соңына дейін жөндеу жұмыстарынан өткен 18 көпір пайдалануға беріледі

Оңтүстік Қазақстан облысында жыл соңына дейін 18 көпір тиісті жөндеуден өтіпел игілігіне беріледі деп күтіліп отырАтапа айтқандабүгінгі таңда 13 жол өткелі күрделі жөндеу көріп жатса, 5 көпір орташа жөндеу жұмыстары өтіп жатқанын айта кеткен жөн.Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мамандарының мәліметінше, аталған нысандар толығымен пайдалануға берілгенде бұл жағдай, өңірдегі жөндеуді қажет ететін көпірлер санының 101-ге дейін азаюына мүмкіндік береді екен.Сонымен бірге, жөндеуді қажет ететін көпірлердің қатарын азайту мақсатында осы жылы 26 көпірге, яғни, 11 өткелге күрделі жөндеу, 15 көпірге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттамалар әзірленіа жатқанын айта кетейік. Жыл қорытындысымен аталған 26 жобаға тиісті сараптама қорытындысы алынуы күтілуде. Осыған сәйкес, 26 жобаға құрылысты жүргізу үшін жергілікті бюджеттен қаржы қаралған жағдайда, аталған нысандарға келесі 2018 жылы құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілетін болады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*