Шымкент қаласының маңынан өндіріс орындарын көптеп ашу қажет. Бұл өз кезегінде халықты жұмыспен қамтып, шаһардағы сабылысты азайтуға сеп болады. Сондай-ақ қалада көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысын жүргізіп, газбен қамтамасыз ету мәселесіне мән берілуі тиіс. Бүгін бұл туралы Шымкенттегі бірнеше әлеуметтік нысандағы құрылыс жұмыстарының барысымен танысқан Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев мәлім етті.Аймақ басшысы ең алдымен Бозарық шағын ауданындағы 900 орындық мектепке атбасын бұрды. Мұндағы құрылыс жұмыстары мамыр айында басталған болатын. Жобаның жалпы құны 1 млрд 200 млн теңгені құрайды. Нысанның бас мердігері «Тұр-Ахмет и компания» ЖШС-гі құрылыс – монтаждау жұмыстарына жоғары қарқынмен кірісіп, мектепті 2018 жылдың сәуір айында ел игілігіне береміз деп отыр. Алайда оқу, спорт және асхана блоктарының жұмыстары өндірістік кестеден 20-30 күнге кешігіп жүргізіліп жатқанын айт кеткен жөн. Облыс әкімі құрылыс жұмыстарын кестеге сай жүргізуді қатаң тапсырды.
Ұқсас жаңалықтар
Журналис Ерсұлтан Әмірбек: Мұрат Базақұлов саясатта адасып «жын ұрған бақсыдай» жүрген секілді
Журналис, қоғам белсендісі Ерсұлтан Әмірбек өзінің фэйсбук парақшасында «ШЫМКЕНТТІҢ МӘДЕНИЕТІ» ТҮГЕЛІМЕН ТҮРКІСТАНҒА КӨШІП КЕТТІ МЕ» деген тақырыпта пост жариялады — деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі. «Расы керек оңтүстіктің мәдениет саласында «сен тұр, мен атайын» деген […]
Асқар Мамин Шымкент әуежайының жұмысымен танысты
Бүгін ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин бастаған жұмысшы топ іссапармен Оңтүстік Қазақстан облысына келді. Делегация құрамында ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Роман Скляр, ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Айбатыр Жұмағұлов, Қазақстан темір Жолы» ҰК» АҚ Президенті […]
Елбасы Түркістан облысының әкімін қабылдады
Кездесуде Қазақстан Президентінің былтырғы желтоқсан айында Түркістан қаласын дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте берген тапсырмаларының орындалуы туралы есеп берілді, деп хабарлайды «Күнгей.кз» ақпарат агенттігі Ақ орда сайтына сілтеме жасап. Облыс әкімі Елбасыға негізгі әлеуметтік маңызы бар […]
Пікір қалдыру