2017 жылдың алғашқы жарты жылдығында Оңтүстік Қазақстан облысына 52 850 шетелдік және отандық туристер (былтыр 33 мың турист келген) саяхаттауға келгенін айта кеткен жөн. Оның 3600-і (2016 ж. І жарты жылдығында 2883 шетелдік турист келген) шетелдік қонақтар. Бұл өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 50%-ға көп. Бұл туралы ОҚО кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасының өкілдері хабарлады.Сонымен қатар, сырт елдерден келген шетелдік туристерді ежелгі Түркістан, Отырар аудандарының тарихи орындары қызықтырып, олар көбінесе Арыстан баб және Қожа Ахмет Яссауи кесенелерін аралап жүргенін айта кеткен жөн. Шетелдік меймандардың біразы Оңтүстікке «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында келіп жатыр. Күні бүгінге дейін шара шеңберінде күнгейге де келіп-кетуді ұйғарған туристердің ішінде Қытай, Үндістан және Сингапур елінің азаматтары да бар. Өңірдегі тарихи орындар, сәулеттік құрылымдар мен ескерткіштерді тамашалау үшін шетелдік қонақтар оңтүстікте бірнеше күн жүргенін айта кетейік.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да индустриаландыру бағдарламасы бойынша 135 жоба жасалған
Индустриаландыру бағдарламасы аясындағы республикадағы 630 жобаның 135 немесе 21,4% облысымыздың үлесінде. Бұл жөнінде Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев, Астана қаласындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде айтты.Бағдарлама облыста іске асырылғаннан бері жалпы құны 206,6 […]
ОҚО-да үш жылда 500-дей елдімекенге көгілдір отын жеткізіледі
Биыл Оңтүстік Қазақстан облысында 70 елді мекенге газ құбырлары тартылып, құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жалпы, өңірде 844 елді мекеннің 300-і табиғи газбен қамтамасыз етілген. Яғни бұл өңірдің 1 755 307 тұрғыны көгілдір отынға қол жеткізіп […]
ОҚО «Қазақстан халқы Ассамблеясы» балаларға қуаныш сыйлады
Бүгін Шымкент қаласындағы «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратында Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйытқы болуымен қайырымдылық іс-шарасы өтті. Арыс қаласы Т.Тәжібаев атындағы отбасылық үлгідегі балалар үйі «Бәйтерек» тобының 10 баласын өз қамқорлығына алған ассамблея балаларға […]
Пікір қалдыру