ОҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы М.Марайым, журналистерге берген баспасөз жиынында орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етілетін көпқабатты тұрғын үйлердің жайына тоқталды. Айтуынша, осы жылдың 1 қарашасына дейін 2327 көпқабатты тұрғын үй орталық қазандыққа қосылуы тиіс екен. Қазіргі таңда, 1150 тұрғын үй жылу беруге дайын болса, мұның үлестік салмағы 49 пайызға тең болып отыр.Сонымен қатар, тағы бір айта кететін жәйт, тілшілермен болған кездесуде анықталған бір ақпар, сала мамандары «Нұрлы жол» бағдарламасы және облыстық бюджет қаржысы арқылы орталықтандырылған жылу құбырларының 31 шақырымын (барлығы 58,3 шқ.) қайта құру және ағымдағы жөндеу жұмыстарынан өткізіп жатыр екен. Мұнан өзге, орталықтандырылған ауыз су құбырларын қайта құру жұмыстарына келсек, жөндеуден өтуі тиіс 75,3 шақырым су құбырының қазіргі таңда 50,4 шақырымы (67%) жұмысқа сақадай сай көрінеді. Жұмыстарды аяқтау қазан айының 15-не жоспарланып отыр екен.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-дағы денсаулық сақтау ұйымдары 100 пайыз кешенді медициналық ақпараттық жүйемен қамтамасыз етілмек
Оңтүстік Қазақстан блысындағы медициналық ұйымдарды кешенді медициналық ақпараттық жүйемен қамтамасыз ету мақсатында екі кезеңде жүзеге асырылатын іс-шаралар жоспары бекітіліп, тиісті жұмыстар атқарылуда. Бірінші кезеңге сәйкес, жыл басынан бері облыстың 35 амбулаториялық-емханалық ұйымында медициналық ақпараттық жүйе […]
ОҚО-да Бірлік күнінде бір мезетте 1 мың домбырашының күйі орындалды
Шымкент қаласы Әл-Фараби алаңында 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік шара өтті. Отанымыздың ең маңызды мейрамдарының біріне арналған мерекелік шараға облыс әкімі Жансейіт Түймебаев қатысып, барша оңтүстікқазақстандықтарды Бірлік күнімен құттықтады. «Халқымызда «Бақ […]
ОҚО-да салық көздері қайта нақтыланып, тұрғындардың әлеуметтік мәртебелері анықталуда
Оңтүстікте тіркеуден өтпеген бірде бір жер учаскелері мен ғимараттар және көлік құралдары қалмауы тиіс. Бұл жұмыстарды алдағы бір айда толық бітіріп, салық түсімінің көздері нақтылануы керек. Сондай-ақ өңірімізде міндетті әлеуметтік — медициналық сақтандыру жүйесіне насихаттау […]
Пікір қалдыру