Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Шымкент қаласы аумағындағы жол-құрылыс нысандарын аралап, бүгінгі ахуалымен танысты. Ең алдымен, аймақ басшысы облыс орталығы – Шымкентті Сайрам ауданының Ақсукент ауылымен және Түлкібас ауданын қосатын негізгі транспорттық жол торабы болып табылатын Жібек жолы көшесінің қайта құру жұмыстарын көрді. Пазиков көшесінен Кіші айналма жолына дейін, Арғынбеков көшесі қиылысының жол айрығымен бірге реттеліп жатқан жолдың жалпы ұзындығы 7,8 шақырым. 2015 жылдан бері басталған осынау жұмыстарды аяқтау осы жылдың қараша айына жоспарланған.«Екі бағыттағы төрт жолақты жолдың ені бұрын 7,5-8 метрге дейін болса, бүгінгі таңда жол ені 15 метрге дейін кеңейтілді. Жұмыстар аяқталғанда аталған көшедегі көлік тығыны толықтай жойылып, Сайрам ауданы халқының қалаға келуін жеңілдететін болады. Ішкі көлік жолдарын дамыту экономикалық байланыстардың жақсаруына сеп болды.Сондықтан жол торабының бойын реттеу кезінде қала халқының жүріп, тұруына ыңғайлы болуы қажет. Ал,сала жетекшілері бөлінген қаржыны тиімді пайдалануы тиіс»-деді Жансейіт Қансейітұлы.
Ұқсас жаңалықтар
ШЫМКЕНТТЕ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІП СУБЪЕКТІЛЕР САНЫ 130 МЫҢНАН АСАДЫ
Шымкенттегі шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы қарқынды. Миллионды қала атанғалы кәсібін өрге домалатып, халықтың игілігіне жұмыс істеп жатқандардың саны күн санап артып келеді. Қала экономикасына тікелей ат салысу үшін әлі де жан -жақты ізденіс қажет. […]
В Шымкенте с размахом отметили День столицы
В Шымкенте с размахом отметили День столицы. Не смотря на первоначальную программу, часть мероприятий прошла 5 июля. Так, в парке Абая прошла выставка художников. Живописцы Шымкента представили гостям выставки под открытым небом свои картины, посвященные […]
ОҚО әкімі Түркістан қаласына барды
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев, Түркістан қаласына қарасты Құмтиын елді мекеніндегі «Құлыншақ» балабақшасының ашылу салтанатына қатысты. Құрылысы өткен жылы бастау алған бүлдіршіндердің алтын ұясы ауыл тұрғындары үшін күрделі мәселенің бірі болып келген. 1825 тұрғыны бар […]
Пікір қалдыру