Тұрғын үй құрылысы дамуының негізгі факторы – құрылысқа инвестициялық қаржылардың көптеп бағытталуы болып табылады. Баспанамен қамтамасыз ету – халықтың тұрмыс деңгейі дамуының негізгі көрсеткіші. 2017 жылы барлық қаржыландыру көздері арқылы Оңтүстік Қазақстан облысында 226 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Бұл дегеніңіз 10 879 пәтер. Жыл соңына дейін 115 үйді (6375 пәтер) пайдалануға тапсыру жоспарланып отыр. «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасының барлық бағыттары бойынша 2017 жылдың жеті айында ОҚО аумағында 348,0 мың ш.м. (3154 пәтер) тұрғын үй пайдалануға тапсырылып, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 115,%-ға орындалды. 2017 жылдың жоспары – 550,6 мың ш.м. тұрғын үйді аяқтау жоспарланса, жыл қорытындысымен 700 мың ш.м. пайдалануға тапсырылады деп күтілуде. Жол құрылысы саласын дамытуға 2017 жылы бюджеттен 29 млрд 445,7 млн. теңге қаралып, 584 нысан немесе 1 570 шақырым жолдар мен көшелер құрылыс-жөндеу жұмыстарымен қамтылатын болады. Облыстық және аудандық маңызы бар 801,8 шақырым жолда құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жыл соңына дейін 115,4 шақырым жол құрылыыс аяқталады.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да өткен жылы 300 миллион дана жұмыртқа өндірілген
Оңтүстік Қазақстан облысында құс шаруашылығы жыл сайын дамып келеді. Жалпы өңірде бүгінгі таңда ірі және шағын 35 құс фермасы болса, онда 2 млн. 638 мың құс басы бар. Олардан өткен жылы 300 млн. дана жұмыртқа, […]
ОҚО-дағы профессор, латын әліпбиіне көшудің 22 себебін айтып берді
Кирилл әліпбиінен латын әліпбиіне көшудің қажеттілігі: -қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашатындығынан; 2. — елдің әлемдік экономикаға енуіне мүмкіндік туғызатындығынан; 3. — әлдеқайда тұтасқан ұлттық өзгешелікке қол жеткізетіндігіне; 4. -қазақстан қоғамының басын біріктіретіндігінен; 5. […]
ОҚО-да өңірді газдандыруға 14 миллиардтан астам қаржы қаралған
Биыл Оңтүстік Қазақстанда жыл соңына дейін 100 мыңға жуық жергілікті тұрғын табиғи газға қол жеткізетін болады. Ол үшін облыстық бюджеттен 14,1 млрд. теңге қаржы қаралып, оған 86 нысан құрылысы мен 89 жобалық сметалық құжаттама әзірленбек. […]
Пікір қалдыру