ОҚО шаруалары 6 айда 139,1 млрд. теңгені құрайтын ауыл шаруашылығы өнімін өндірген

Оңтүстік Қазақстан облысында ағымдағы жылдың 6 айында өнеркәсіп өнімінің көлемі 371,5 млрд. теңгені құрағанын айта кеткен жөн. Бұдан бөлек өңдеу өнеркәсібі өнімінің көлемі 250,4 млрд. теңге ге жеткен. Сондай-ақ облыс шаруалары 139,1 млрд. теңгені құрайтын ауыл шаруашылығы өнімін өндіріп отыр. Бүгін бұл туралы өңірлік коммуникация орталығында өткен баспасөз мәслихатында облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Арман Сәбитов мәлім етті.«Облысымыздағы индустриаландыру картасының екінші бес жылдығы жоспарына сай 135 жобаны жүзеге асыру жоспарда бар. Оның ішінде ағымдағы жылы 17 жобаны іске асыру көзделуде. Аталған 17 жобаның жалпы құны – 37 млрд теңгені құрайды.   Егер жобалар толық іске асса, 909 жаңа жұмыс орны ашылатын болады», — дейді Арман Сәбитов.

Өңірде сауда саласында даму байқалады. Соңғы 6 айда бөлшек сауда айналымы 182,3 млрд теңгені құрап, 18 млрд теңгеге артқан. Ал, сыртқы сауда айналымы 1,1 млрд АҚШ долларына жетсе, оның ішінде экспорт – 468,3 млн АҚШ долларын, импорт – 620,6 млн. АҚШ долларын құрап отыр. Экспортқа негізінен ет, тамақ өнімдері, дәрі-дәрмек, металл, машина, құрал-жабдық, тоқыма бұйымдары шығарылуда.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*