ОҚО-да жалпы өңірлік өнім көлемі 6 айда 1,1 триллионды құрады

Оңтүстік Қазақстан облысы экономикасының дамуына серпін беретін жалпы өңірлік өнім көлемі соңғы 6 айда 1,1 трлн теңгені құрапты. Бұл ретте негізгі үлесті өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы мен құрылыс саласы қосып отыр. Жалпы өңіріміздегі өнеркәсіп саласы өңдеу, тау-кен, бу, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау өнеркәсібінен құралады. Соңғы 6 айда өңдеу саласында 250,4 млрд теңгенің өнімі өндірілген. Өсім негізінен тамақ өнімдерін өндіру, фармацевтикалық, металлургия, машина жасау, жеңіл өнеркәсіп өнімдері есебінен жүзеге асып отыр.Өңірде сауда саласында даму байқалады. Соңғы 6 айда бөлшек сауда айналымы 182,3 млрд теңгені құрап, 18 млрд теңгеге артқан. Ал, сыртқы сауда айналымы 1,1 млрд АҚШ долларына жетсе, оның ішінде экспорт – 468,3 млн АҚШ долларын, импорт – 620,6 млн. АҚШ долларын құрап отыр. Экспортқа негізінен ет, тамақ өнімдері, дәрі-дәрмек, металл, машина, құрал-жабдық, тоқыма бұйымдары шығарылуда.

Айта кетейік, облыстың экспорт құрылымында Нидерланды, Өзбекстан, Ресей, Қытай және Ауғаныстан мемлекеттерінің үлесі мол.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*