Елордасы – Астанада бүгіннен басталған Оңтүстік Қазақстан облысының күндері аясында «Оңтүстік өнімдері» тауарөндірушілердің көрмесі ашылғанын айта кеткен жөн. Жиынға қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев барша келушілерге алғысын білдіре отырып, күнгейлік көрме арқылы өңірдің инвестициялық және туристік әлеуетімен танысуға мүмкіндіктің мол екенін айтты.«Биыл біздің елімізде шын мәніндегі ғажайып оқиға — «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі өтуде. Бұл техникалық және технологиялық жетістіктерді көрсететін, жаңа идеялар мен қызықты жобалардың нышаны, индустрияландыру символы болып табылатын халықаралық көрме. Ал бүгінгі тауарөндірушілер көрмесінің өткізілуі біз үшін өте маңызды оқиға. Мұнда өзіміздің жетістіктерімізді көрсетіп, көпшілікке танымал етуге, тұтынушылар мен өндірушілер арасында тығыз байланысты орнатуға мүмкіндік көп», — деді Жансейіт Қансейітұлы.«ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне күнгейден жеткен тамақ және жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, фармацевтика және құрылыс заттары салаларының 60-тан астам кәсіпорны қатысып жатыр.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО: Арыс қаласында Тұңғыш Президент күніне орай спорт залы ашылды
Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласына қарасты Көкжиде елді мекенінде 1-желтоқсан Тұңғыш Президенті күніне орай жаңа спорт залдың ашылу салтанаты өтті. Шарада сөз алған қала әкімі Мұрат Қадырбек негізгі мақсат — өскелең ұрпақ арасында салауатты өмір салтын […]
ОҚО-да М.Айтжановтың «ЭКСПО» әнінің тұсауы кесілді
Шымкентте мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне орай «Мәдени қызмет – мерейлі міндет» атты мәдени шара ұйымдастырылды. Онда еліміздің мәдениет және руханият саласына еңбегі сіңген бір топ өнер және әдебиет қайраткерлеріне өңір басшысының арнайы сыйлықтары тапсырылған […]
Астана төрінде оңтүстікқазақстандық суретшілердің көрмесі өтті
Астана қаласындағы «Has Sanat» өнер галереясында Оңтүстік Қазақстан облысы суретшілері өз туындыларын Елордамыздың қонақтары мен өнер сүйер қауым назарына ұсынды. «ЭКСПО — 2017» халықаралық көрмесі, Болашаққа бағдар: «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтіп жатқан Оңтүстік Қазақстан облысының […]
Пікір қалдыру