Оңтүстік Қазақстан облысында 2016 жылы Түркістан қаласындағы «Отырар» шағын ауданында 120 пәтерді құрайтын 2 үй және ҚИК есебінен 144 пәтер пайдалануға берілген болатын. Бүгін жалпы саны 480 пәтерді құрайтын көпқабатты сегіз үй «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында облыс бюджетінен бөлінген 3 млрд. 109 млн. теңге қаржыға салынған. Мұнда қоныстанған отбасылардың балалары үшін қазіргі күнде балабақша, мектеп мәселесін шешу қарастырылып отыр. Ол үшін жергілікті билік мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясында 280 орындық балабақша ғимаратының құрылысын бастамақ. Ал келер жылы осында 900 орындық жаңа мектеп ғимаратының құрылысы жүргізілетін болады. Бұл құрылыстардан басқа жаңа ауданда 200 орындық балаларға арналған психологиялық-түзету орталығы салынуда.Сонымен бірге, қаладағы 5 мыңға жуық азаматтардың тұрғын үйге деген сұранысын қанағаттандыру мақсатында «Отырар» шағын ауданынан «Қазақстан ипотекалық компаниясы» арқылы тағы да 6 үйдің құрылысы жүргізілмек. Келер жылы жоспарланған 20 көпқабатты тұрғын үй салынса, одан бөлек 150 коттедж бой түзейді. Айта кетерлігі, қаланың әкімшілік іскерлік орталығы да осы шығыс бөліктен бой түзейтін болады.
Ұқсас жаңалықтар
ДИДАР СМАҒҰЛОВ: ТҮРКІСТАН ЖАҚТАН ҮШ БӨЛМЕЛІ ПӘТЕР МЕН «КАМРИ» ҰСЫНДЫ
«Әділдік жолы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Дидар Смағұлов, журналист Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында атқарушы билік тарапынан қаржылық заңсыздықтармен күресте көптеген мәселелерге тап болатынын жеткізді. Тіпті өңірлерде оны қорқытып, сыйақы ұсынып келісімге келуге де шақырған. Дидардың айтуына […]
Түркістанда қала күні тойланды
Түркістан қаласындағы Есім хан алаңында ауылшаруашылық және өндірістік тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Оған қалаға қарасты 12 ауылдық округтен және өндіріс орындарынан 25 тонна ауылшаруашылығы өнімдері мен қайта өңделген өнімдер арзан бағада тұтынушыларға ұсынылды. Сонымен бірге, […]
Түркістанда соңғы қоңырау соғылды
Соңғы қоңырау – мектеп қабырғасында бірнеше толқынның бас қосып, ыстық ұяға, ортақ Отанға деген сүйіспеншілігін еселейтін мереке. Осы айтулы күнді асыға күткен бүлдіршіндер жазғы демалысқа аттанса, мектеп бітіруші түлектер алтын ұясымен қоштасып, үлкен өмірге қадам […]
Пікір қалдыру