Түркістанның әкімшілік іскерлік орталығы қаланың шығыс бөлігіне көшірілмек

Оңтүстік Қазақстан облысында 2016 жылы  Түркістан қаласындағы «Отырар» шағын ауданында 120 пәтерді құрайтын 2 үй және ҚИК есебінен 144 пәтер пайдалануға берілген болатын. Бүгін жалпы саны 480 пәтерді құрайтын көпқабатты сегіз үй «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында облыс бюджетінен бөлінген 3 млрд. 109 млн. теңге қаржыға салынған. Мұнда қоныстанған отбасылардың балалары үшін қазіргі күнде балабақша, мектеп мәселесін шешу қарастырылып отыр. Ол үшін жергілікті билік мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясында 280 орындық балабақша ғимаратының құрылысын бастамақ. Ал келер жылы осында 900 орындық жаңа мектеп ғимаратының құрылысы жүргізілетін болады. Бұл құрылыстардан басқа жаңа ауданда 200 орындық балаларға арналған психологиялық-түзету орталығы салынуда.Сонымен бірге, қаладағы 5 мыңға жуық азаматтардың тұрғын үйге деген сұранысын қанағаттандыру мақсатында «Отырар» шағын ауданынан «Қазақстан ипотекалық компаниясы» арқылы тағы да 6 үйдің құрылысы жүргізілмек. Келер жылы жоспарланған 20 көпқабатты тұрғын үй салынса, одан бөлек 150 коттедж бой түзейді. Айта кетерлігі, қаланың әкімшілік іскерлік орталығы да осы шығыс бөліктен бой түзейтін болады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*