Түркістанда соңғы қоңырау соғылды

Соңғы қоңырау – мектеп қабырғасында бірнеше толқынның бас қосып, ыстық ұяға, ортақ Отанға деген сүйіспеншілігін еселейтін мереке. Осы айтулы күнді асыға күткен бүлдіршіндер жазғы демалысқа аттанса, мектеп бітіруші түлектер алтын ұясымен қоштасып, үлкен өмірге қадам басар белестің алғашқы баспалдағын сезініп, балдай тәтті күндерін артта қалдырды.

Осынау мерекелі күнде қала әкімі Ә.Өсербаев №27 жалпы орта мектебі мен №18 Ж.Еділбаев атындағы мектеп-гимназиясына табан тіреп, жүрек жарды лебізін жеткізді.
Соңғы қоңырау әрі көңілді, әрі мұңды мереке. Ұстаздарға мектеп бітіруші шәкірттерімен қоштасу оңайға соқпасы анық. Жас түлектің де үйренген орта, бауыр басқан адамдарынан алысқа кету үлкен жауапкершілік жүктейді.
Соңғы жылдары Түркістан қаласында 20-дан астам білім ұясы бой көтерді. Оның ішінде 2 мыңнан астам оқушыға арналған 5 жаңа мектеп салынды. Сонымен бірге, Тәуелсіздік жылдары ішінде жалпы саны 55 балабақша ғимараты ел игілігіне берілді. Соның басым бөлігі соңғы 5-6 жыл ішінде бой көтерді. Ал, биыл мемлекет есебінен тағы да 2 мектеп, 2 балабақша салынбақ.
5 мыңға тарта ұстаз қызмет ететін Түркістанның білім ұялары соңғы жылдары ұлттық бірыңғай тест нәтижесі бойынша облыс көлемінде алғашқы үштіктен көрініп келеді. 2017 жылдың түлектеріне де осы дәрежеден түспеу міндеті бұйырып тұр.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*