Бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен жаңа 2017-2018 оқу жылына дайындық барысы туралы баспасөз конфенциясында облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібек мәлім етті. Оның айтуынша, білім күнінде облыста құрылыс жұмыстары аяқталған жаңа 20 мектеп ғимараты пайдалануға беріледі. Ал оның 6-уы жаңадан ашылып, өңірдегі орта мектептің саны 1021-ден 1027-ге жетіп отыр. Сондай-ақ, ол 7 жекеменшік мектеп жұмыс істейтіндігін атап өтті.Баспасөз конференциясында мәлім болғандай жалпы облыста 79 білім беру нысандарының құрылысы жүргізіліп жатыр екен. Оның жыл басынан бері 7-уі тапсырылса, 22-сі жыл соңына дейін пайдалануға берілмек. Ал қалған 58-і келер жылға өтпелі. Осының нәтижесінде осы жылы 8 апатты және 12 үш ауысымды мектептердің мәселесі шешіледі. «Оңтүстік Қазақстан облысында білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары жоспарлы түрде жүргізілуде. Өңірдегі 1034 мектепте жаңа оқу жылында 640 мыңға жуық оқушы білім алады деп күтілсе, оның 73 мыңы бірінші сыныпқа барады деп жоспарлануда», — деді Ұ.Сәдібеков.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да 8 тарихи мекеннің архитектуралық жобалары қаралды
Алдағы жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының тарихы қайта жаңғырмақ. Руxани жаңғыру бағытына сәйкес туризмді дамыту және тариxты таныту мақсатында өңірде, өткен ғасырларды сипаттайтын орындарды қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіледі. Мемлекет басшысының рухани жаңғыру мақаласынан кейін, өзіміздің тарихымызға […]
ОҚО-дағы жоғарғы оқу орны «QS World University Rankings» Халықаралық Агенттігінің рейтінгінде жоғарылады
Оңтүстік өңіріне алыс Ұлыбритания елінен қуанышты хабар келіп жетті. Мұқтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті әлемдік білім нарығында бәсекеге қабілетті екендігін тағы да дәлелдеп, «QS World University Rankings» Халықаралық Агенттігінің рейтінгінде әлемдегі 5000-нан астам […]
ОҚО-да өтіпжатқан ақын И.Сапарбай әндерінің республикалық байқауында 45 үміткер бақ сынады
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ақын-сазгер, драматург, Тәуелсіз «Платиналы Тарлан» сыйлығының және мемлекеттік «Парасат» орденінің иегері, Оңтүстік Қазақстан облысының, Шымкент қаласының Құрметті азаматы Исраил Сапарбайдың 75 […]
Пікір қалдыру