ОҚО-да 847 мектепке жөндеу жұмыстары жүргізілген

Оңтүстік Қазақстан облысында оқушыларды оқулықпен қамтамасыз ету жайын баяндаған аймақ басшысының орынбасары бұл мәселенің де алда түбегейлі шешілетінін айтты. Нақтырақ айтқанда, Ұласбек Сәдібеков тамыздың 20-на дейін барлық мектептер қажетті кітаппен қамтылатынын мәлімдегенін айта кеткен жөн.«Жаңартылған білім беру мазмұнына сай және 2, 5, 7 сыныптардың көшуіне байланысты, 3,5 млн-ға жуық кітапты сатып алуға жергілікті бюджеттен 4,5 млрд. теңге бөлінді. Бүгінгі таңда 2 млн-ға жуық кітап мектептерге жеткізілген. Яғни 56 пайыз, ал қалған кітаптар тамыздың 20-на дейін толық жеткізілетінін болады», — деді Ұласбек Сәдібеков.

Сонымен қатар, Оңтүстік Қазақстан  облысындағы мектептерді жаңа оқу жылына дайындау жұмыстары да ойдағыдай атқарылған. Дәлірек айтсақ, осы мақсатта жергілікті бюджет есебінен 897 мектепте ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізілсе, бүгінгі күнге 847-сінде жөндеу жұмысы аяқталған.

Ал, 43 мектепте жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстары 25 тамызда аяқталады деп жоспарланып жатқанын да айта кету керек.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*