ОҚО әкімі құрылысты қадағаламаған аудан әкімдерін сынға алды

 

Оңтүстік Қазақстандағы аудан, қала әкімдері әлеуметтік нысандардағы кемшіліктерді түзетіп, олардың мерзімінде тапсырылуын тікелей қадағалауы керек. Тапсырманың тиянақты орындалуын облыс әкімі аппаратынан баратын инспекторлар тобы жүзеге асыратын болады. Бұл туралы облыс әкімі Жансейіт Түймебаев өңірдегі «Нұрлы жол» бағдарламасының орындалуы туралы өткен мәжілісте айтты. Аймақ басшысы мұндай шешімді облыстық құрылыс басқармасының басшысы Құттыбек Жамашевтің Қазығұрт, Сайрам, Шардара аудандары мен Шымкент қаласындағы мектеп құрылысында орын алған олқылықтар бойынша баяндаған мәліметіне сәйкес айтты.

Басқарма басшысының хабарлауынша, Қазығұртта екі 300 орындық мектептің құрылысы кешіксе, Сайрамдағы төрт білім ошағында бірқатар құрылыс нормалары сақталмаған. Шардарадағы бір мектеп пен Шымкенттегі екі білім ошағында да жағдай осы іспеттес.

Мәселенің мән-жайына қаныққан облыс әкімі құрылыста кемшіліктерге жол берген аудан, қала әкімдерінің жұмысын сынға алды. Негізгі себепті құрылыс нысанын салушы мердігер мекемеге сілтеген басшылардың өздеріне ескерту жасады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*