Қазіргі таңда Оңтүстік Қазақстан облысында автобустарды жаңалау, оларды GPS құралдарымен жабдықтау, заңсыз жолаушылар тасымалына тосқауыл қою сынды түрлі бағыттарда жұмыстар атқарылып жатқанын айта кетуіміз керек.Одан соң Оңтүстік Қазақстан облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының автомобиль жолдары саласында атқарылған шаруаларға тоқталған Ролан Ибрагимов Оңтүстік Қазақстан облысында автомобиль жолдары мен елді мекен көшелерінің жалпы ұзындығы 20 928,9 шақырымды құрайтынын айта кетті. Сонымен қатар, олар — республикалық маңызы бар 837 шақырым (95% қанағатты), облыстық маңызы бар 4 261,2 шақырым (58,7% қанағатты), аудандық маңызы бар жолдар 1 642,7 шақырым (64,4% қанағатты), елді-мекен көшелері 11 377,1 шақырым (59,9% қанағатты) және Шымкент қаласы көшелері 2 810,9 (41,4% қанағатты).«2017 жылы автомобиль жолдары саласын дамытуда 584 нысан немесе 1 570,9 шқ. жолдар мен көшелер құрылыс-жөндеу жұмыстарымен қамтылып жатса, 6 айдың қорытындысына сәйкес, бүгінге дейін 2 көпірдің орташа және 1 автомобиль жолының күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді», — деді басқарма басшысының орынбасары Ролан Ибрагимов.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО ғалымдары латын әліпбиіне көшу әдістемесін жасауға қатысады
Жаһандық білім беру жүйесінде латын алфавитінің алар орыны басым екенін ескерген Оңтүстік ғалымдары латын қаріпін кеңінен талықалауға кірісті. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының ғимаратында Оңтүстіктің ғалым, профессор ұстаздары және қоғам белсенділері бас қосты. Басты тақырып […]
Т.Дүйсенова оңтүстіктегі «Өрлеу» жобасына қатысушы азаматшаның жұмысына сәттілік тілеп, «Жастар тәжірибесі» аясында көмекші алуға кеңес берді
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова оңтүстіктегі «Өрлеу» жобасына қатысушы азаматшаның жұмысына сәттілік тілеп, «Жастар тәжірибесі» аясында көмекші алуға кеңес берді. «Кәсібіңізді дөңгелетіп алып кету үшін сіз көмекші алып, оған шығындалудың қажеті жоқ. […]
ҚР Премьер-Министрі ОҚО-да туризм мәселелерін талқылады
Шараға мемлекеттік органдардың, ОҚО әкімдігінің басшылары, өңірлер әкімдерінің орынбасарлары, салалық қауымдастықтардың өкілдері, жұмыспен қамту орталықтарының директорлары, ҰКП, үкіметтік емес ұйымдар және БАҚ өкілдері қатысты деп хабарлайды primeminister.kz сайты. ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаев өңірде туризмді дамыту […]
Пікір қалдыру