Оңтүстік Қазақстан облысы ҚХА төрағасының орынбасарлары облыстық корей этномәдени бірлестігінің төрайымы Роза Пак пен облыстық грузин этномәдени бірлестігінің төрағасы Заал Бочоришвили, Қазақстандағы өзбектер қоғамдық бірлестіктері «Дустлик» қауымдастығының жетекшісі Икрамжан Хашимжанов, облыстық қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі Байдулла Қонысбек, облыстық Аналар кеңесінің төрайымы Балхия Көмекбаева, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы, қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі Жеңісбек Мәуленқұлов, ОҚО ҚХА жанындағы ғылыми-сарапшылық топтың жетекшісі, профессор Асма Қалыбекова сөз сөйлеп, елімізде уақтылы қолға алынған бастаманы бірауыздан қолдайтындығын жеткізді, Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы ұсынған қазақ тілінің латын графикасына негізделген əліпби жобасын осындай отырыстар мен жиындарда жан-жақты саралап, талдап, талқылауға шақырды. Бүгінде ұлттық қаріп жүйесіне реформа жүргізген Әзірбайжан, Түркіменстан, Өзбекстан секілді бұрынғы Одақтас республикалардың тәжірибелерін зерделеп, олардың кемшіліктерінен сабақ алуға болатынын айрықша айтқан қатысушылар жаңа әліпби бойынша түсіндіру жұмыстарына барынша басымдық беру керек деген уәжге тоқтады.
Ұқсас жаңалықтар
Жыл соңына дейін ОҚО-да 6000 пәтер пайдалануға берілмек
Оңтүстік Қазақстан облысында жыл соңына дейін 116 көпқабатты үй яғни 6000 пәтер пайдалануға беріледі. Ал, жалпы өңірде 263 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Бүгін бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Оңтүстік Қазақстан облыстық Құрылыс басқармасының […]
ОҚО-дағы «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінде республикалық конференция өтті
«Әзірет Сұлтан» қорық-музейінде Елбасы Н.Ə. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында республикалық конференция өтті. Шара «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі және Түркістан қалалық мәслихатымен бірлесе ұйымдастырылды. Конференция жұмысына ҚР Ардагерлер ұйымы Орталық Кеңесі төрағасының бірінші […]
ОҚО-да еселі еңбегімен көзге түскен өңір фермерлері «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төс белгісімен және Құрмет грамотасымен марапатталды
ОҚО-да өткен Қазақстан фермерлер одағының алқалы жиынында агроөнеркәсіп кешенін дамытуда белсенділік танытып, еселі еңбегімен көзге түскен өңір фермерлері Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төс белгісімен және Құрмет грамотасымен марапатталды.Бүгінде фермерлер одағының еліміздің 8 […]
Пікір қалдыру