Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың көрші елге жасаған сапары аясында Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласында екі ел кәсіпкерлерінің қатысуымен қазақ-өзбек бизнес-форумы өтті. Бауырлас елдердің сауда-экономикалық ынтымақтастығының артуына мүмкіндік беретін кездесуге 500-ден астам қос елдің кәсіпкерлері қатысты.Сонымен қатар, Ташкент қаласында өткен бизнес-форум шеңберінде Қазақстанда өндірілетін өнімдерінің көрмесі өтті.Өзбекстан астанасында кеше басталған көрмеге 90-ға жуық отандық компанияның өнімдері қойылған. Қазақстандық тауарөндушілер көрмеге тамақ және өнеркәсіп, инженерлік, машина жасау, фармацевтика және құрылыс заттары мен химия, металлургия IT салаларындағы 500-ден астам өнімдерін әкеліп отыр.«Өзэкспоорталық» көрме кешенінде өтіп жатқан көрмеге Оңтүстік Қазақстан облысының бірқатар ірі кәсіпорындарының өнімдері қойылды. Атап айтқанда, кілем өнімдерін шығаратын «Бал Текстиль» фабрикасы, ұн және сүт өнімдерін өндіруде көшбасшылардың қатарындағы кәсіпорынның бірі «Алтын Дән» ЖШС-гі, жылына цемент өндіретін «Шымкент цемент» және «Стандарт цемент» зауыттары мен ТМД-да бірінші ашылған вакумдық пробиркалар мен екіжақты ине шығаратын «ЭкоФарм Интернешнл» компаниясы мен терапияның түрлі салаларындағы ауруларды емдеуге арналған 12 фарамацевтикалық топқа жататын генериктік және түпнұсқалық 200-ден астам дәрі-дәрмек шығаратын «Химфарм» зауыты, медициналық жабдықтардың 17 түрін шығаратын «Marai E7 Group» ЖШС-нің өнімдері қойылды.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО әкімі Венгриялық кәсіпкерлермен кездесті
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Венгриядан келген бір топ делегациямен кездесті. Делегация құрамында Яс Надькун Сольнюк аймағының мәжіліс төрағасы Шандор Ковач, Венгрияның Алматыдағы бас консулы Блауманн Ференц, Венгрияның Қазақстандағы құрметті консулы Ласло Хорват бар. […]
ОҚО-да 22 кәсіпкер кооператив ашуға ниет білдірді
Оңтүстік Қазақстан облысында кооперативтер құру бағдарламасы бойынша «ОҢТҮСТІК» Аймақтық инвистициялық орталығы бір айға жуық уақыт аралығында көшпелі семинарлар ұйымдастырылды. Жиналыс барысында облыстың барлық аудан және қалалары қамтылып, кооперативтерді құру, қаржыландыру және субсидиялау бойынша түсіндіру жұмыстары […]
ОҚО әкімі Біріккен Араб Әмірліктерінен келген инвесторлармен кездесті
Оңтүстік Қазақстан облысыныі әкімі Ж.Түймебаев, БАӘ келген кәсіпкерлердің инвестициялық жобасымен танысқан облыс басшысы өңірдің экономикалық әлеуетін баяндап, инвесторларға мемлекет тарапынан көрсетілетін жеңілдіктерді түсіндірді. «Тұрмыстық қалдықтарды өңдеу бойынша облысымызға бұған дейін де бірнеше ұсыныстар келіп түскен […]
Пікір қалдыру