ОҚО әкімі Венгриялық кәсіпкерлермен кездесті

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Венгриядан келген бір топ делегациямен кездесті. Делегация құрамында Яс Надькун Сольнюк аймағының мәжіліс төрағасы Шандор Ковач, Венгрияның Алматыдағы бас консулы Блауманн Ференц, Венгрияның Қазақстандағы құрметті консулы Ласло Хорват бар.

Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық, әлеуметтік-гуманитарлық, мәдени байланыстар төңірегінде әңгіме өрбітіп, пікір алмасты.

Өңір басшысы қонақтарға Оңтүстік Қазақстан облысының экономикалық даму қарқынын баяндап, шетелдік инвесторларға көрсетілетін барлық жеңілдіктерді түсіндіргенін айта кеткен жөн.

  «Оңтүстік Қазақстан облысы – аграрлы өңір. Бізде жылына 300 мың тонна мақта өндіріледі. Өңірде негізінен ауыл шаруашылығы саласына басымдық берілген.  Облыс жеміс-жидек, көкөніс, бау-бақша өнімдерін өндіреді. Аумақтың индустриалды әлеуеті жыл санап жақсарып, бүгінде 11 индустриалды, 1 экономикалық арнайы аймағымыз жұмыс істейді. Аталған аймақтарда инфрақұрылымдық қажеттеліктер толығымен қамтамасыз етіліп, шетелдік инвесторларға барлық жеңілдіктер қарастырылған», — деді Жансейіт Түймебаев.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*