«Газпромнефть» компаниясының Қазақстан Республикасы аумағындағы битум өнімдерін шығару және сату бойынша еншілес мекемесі «Газпромнефть — Битум Қазақстан» мекемесі Төлеби ауданында қоспаларды металл бөшкелерге құюдың жаңа автоматты желісін іске қосады.Бұл еліміз бен жақын мемлекеттердің жол-құрылыс компаниялары үшін ең қолайлы ыдыс. Бұл — Қазақстандағы битум зауытының технологиялық процесін жаңарту бағдарламасының маңызды кезеңі. Оның жүзеге асуы Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан және басқа да елдердегі контрагенге деген сұранысты қамту үшін жылына 15 мың тонна өнімді құюға мүмкіндік береді.Қазіргі таңда өндірістік алаңда нарықта қажет етілетін БНД 60/90 және 70/100 маркалы базалық битум шығарылады, олардың сапасы ресей мен қазақстандық стандарттарға сай келеді. Дайын өнімді жөнелту құйылған, сондай-ақ металл бөшкелерге орап-түйілген күйінде іске асырылады. «Газпром нефть» битумын қолдана отырып, Оңтүстік Қазақстан жолдарының үштен бірі, оның ішінде ірі жол жобасының – «БатысЕуропа – Батыс Қытай» трансқұрылықтық дәлізінің автомобиль жолдары салынды.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да «AGRITek Shymkent-2017» көрмесі аясында семинар-кеңес өтті
Биыл Оңтүстік Қазақстан облысында 59 гектар жаңғақ пен 7 гектар бадамша егілді. Сондай-ақ, тамшылатып суғару әдісі 7,5 мың гектарға ендіріліп, жалпы көлемі 58,5 мың гектарға жетіп отыр. Бұдан бөлек, жылыжайлар көлемі 1294 гектарға артып, республикадағы […]
ОҚО-дағы «Яссы-Күлтөбе» қалашығы ашық аспан астындағы музейге айналады
«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК ескерткіштер тізіміндегі Республикалық маңызы бар «Күлтөбе» қалашығы (І мың жылдық ортасы –ХІҮ ғ.) — Қазақстандағы көне қала орны. Қалашық Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен оңтүстікке қарай 350 м жерде орналасқан, […]
ОҚО-да «Мемлекеттік қызметші күніне» орай бірқатар азаматтар марапатталды
Оңтүстік Қазақстанда «23 — маусым Мемлекеттік қызметшілер күніне» арналған салтанатты шара өтті. «Қазақстан Халқы Ассамблеясы» ғимаратында өткен кеште облыс әкімі Жансейіт Түймебаев өңіріміздегі барша мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекемен құттықтап, еліміздің өсіп, өркендеу жолында толағай табыстар […]
Пікір қалдыру