Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев, «Достық», «Қайнарбұлақ» шағын аудандарында осы күні ел игілігіне берілген 1200 орындық мектептерді аралап көрді. Білім ордасының жұмысымен танысқан аймақ басшысы оқушылардың еңбекке баулу кабинеттеріндегі ерлерге арналған шеберханалар мен қыздардың тігін цехімен танысты. Сондай-ақ, саз балшық шеберханасында да болды.Ж.Қансейітұлы ұзтаздармен болған әңгімеде шәкірттерді жалпы білім алудан бөлек, оқушыларға тереңдетіп білім беріп, түрлі кәсіптік білім беру мамандықтары – тігін тігу, темір ұстасы шеберханасы, қолөнер жасау сынды үйірмелер аясында арнайы куәліктер беру жағын ойластыру қажеттігін еске салды. Бұл ретте, облыс басшысы Елбасының жастарды кәсіптік білім алуға көптеп бағыттау тапсырмасы аясында берілген осынау куәліктердің артықтық етпейтінін ескертті. Әсіресе, балалар тәрбиесіне алаңдаған әкім мектеп пен үйдің арасындағы байланыс үнемі ұштасып, ата-анамен арадағы қатынасты бекемдеу арқылы тәрбие, тазалыққа қатысты бірлескен жұмыстардың ұйымдастырылуы керектігін айтты.
Ұқсас жаңалықтар
М.Егізбаев: Мектеп медицинасын жетілдіру денсаулық бұрышында дұрыс тамақтануды насихаттаумен ғана шектелмейді
Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаевтың айтуынша, мектеп медицинасын жетілдіру денсаулық бұрышында дұрыс тамақтануды насихаттаумен ғана шектелмейді. Мұнан бөлек, жасөспірімдер арасында көз сырқаттары, омыртқалардың қисаюы, майтабан аурулары жиі көп. Сонымен қатар, омыртқа […]
ОҚО әкімі діни конфессиялардың басшыларымен кездесті
18 қазан – Рухани келісім күні. Осы даталы мерекеге орай Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев өңіріміздегі бір топ діни конфессиялардың басшыларымен кездескенін айта кету керек. Шара барысында тараптар өзара пікір алмасып, дінаралық қарым-қатынас мәселелерін […]
ОҚО әкімі жарты ғасырлық мектеп тарихымен танысты
Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев жарты ғасырдан астам тарихы бар, үш тілде оқытатын мамандандырылған Шымкент қаласындағы №12 мектеп-интернатында болды. Онда әкім кеңес дәуірінің Социалистік еңбек ері, мектептің алғашқы директоры Маржан Тасованың ескерткішіне гүл […]
Пікір қалдыру