Мырзашөл өңіріндегі Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының бас директоры, академик Ибадулла Үмбетаев мақтаны толық жинап алу үшін алдымен қоза жапырағын дер кезінде біркелкі етіп түсіру қажеттігін атап өтті. Ол үшін дефолиацияны сапалы жүргізудің маңызы зор екенін айта кеткен жөн. Оған бесеп, жапырағы түскен соң қоза көсектері әдеттегіден екі есе жылдам ашыла бастайды. Дефолиант жасалған мақта алқабы, дәрі себілмеген алқапқа қарағанда мақта 10-15 күн бұрын ерте ашылады. Бұл өз кезегінде дихандарға ақ алтынды жауын-шашында қалдырмай жинап алуына үлкен септігін тигізбек.«Сапалы тұқымдық шит дайындау да өзекті мәселе болып тұр. Біздің институт мамандары дайындаған «Мақтаарал-4017» шитіне қазір сұраныс жоғары. Ал Қытай, Түркиядан әкелінген мақта сортының көсегі жеңіл 3,5-4 грамнан аспайды, 5-6 ғана шиті бар. Сондықтан шет елдің қымбат шитінен гөрі өзімізде жерсінген отандық тұқымдық шитті көптеп шығарып, мол өнім алуға күш салайық» -деді ИИбадулла Үмбетаев.
Ұқсас жаңалықтар
Шаруалар мақта шитінен таршылық көрмейді
Өңірдегі мақта егісінің басым бөлігі Мақтаарал ауданына тиесілі. Осыған орай, аудандағы кәнігі шаруалар өнімнің түсімділігін арттыруға жыл сайын күш салып келеді. Биыл мақтаралдық шаруалар мақта шитінен таршылық көрмейтін болады. Тіптен, мемлекет тұқым шаруашылығын өзімізде дамытуға […]
Жетісайдағы «З-Асаната» фермерлік қожалығы мақта терімін тиянақты жүргізіп жатыр
Жетісай ауданында ақ алтыннан жақсы нәтиже көрсеткен қожалықтардың қатарында Мақталы ауыл округі Алмалы ауылындағы «З-Асаната» фермерлік қожалығы да бар. Аталған қожалық биылдың өзінде 160 гектар жерге мақта дақылын сеуіп, 400 тоннадай ақ алтын алуды жоспарлап […]
Мақтааларда мақта терімі басталды
Еліміздегі ақ мақтаны өсіретін жалғыз өңір болып табылатын Оңтүстік Қазақстан облысында мақта терімі басталды. Қазіргі таңда ақ алтынды жинауды Мақтарал ауданындағы Атамакен, Ш.Ділдәбеков, Мақталы, Қызылқұм, Жамбыл және Қарақай ауылдарындағы ұсақ шаруа қожалықтары бастап кетті. Биыл облыста […]
Пікір қалдыру