Астана қаласының бас көшелерімен «Түркі елінің түп тамыры-Оңтүстіктен мерейлі Астанаға сәлем!» атты өнер керуені жүріп өтті. Еліміздің тарихынан сыр шертетін сазды керуен «Ғашықтар» алаңынан «Бәйтерек» алаңына дейінгі аралықты қамтыды.Керуен сапында Алтын адам, Арыстанбаб, Қожа Ахмет Ясауи, Әл-Фараби сынды тарихи тұлғалар мен ғұламалар, хандар мен батыр, билер бейнесіндегі өнер азаматтары, ЭКСПО аруы мен ұлттық киім киінген әнші, бишілер, цирк өнерпаздары және тайқазан, арба сынды ұлтық құндылықтарымызды айшықтайтын бұйымдар бар. Өңірдің тарихи келбетін танытар өнер көшіне 500-ге жуық өнерпаз қатысып, жергілікті композиторлар Ш.Қалдаяқов, С.Бəйтерековтің əндерін қосыла орындады. Керуен басы «Қазына», «Шаттық», «Шамсинур» би ансамбльдерінің орындауындағы «Мереке думан» биімен бастау алып, «Бәйтерек» алаңында 600 жас домбырашының бір мезетте Қ.Сағырбайұлының «Балбырауын» күйін орындауымен аяқталды. Оңтүстік Қазақстан облысының Астанадағы бірінші күні «Бәйтерек» алаңында облыстың өнер шеберлерінің «Сәлем, Астана! Сәлем, ЭКСПО-2017!» мерекелік концертімен қорытындыланды.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да қызметтік әдеп нормаларын бұзушылыққа байланысты тәртіптік істер төмендеген
ОҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Айбек Шілманов пен облыс әкімінің кеңесшісі – облыстық жергілікті атқарушы органдарының Әдеп жөніндегі уәкілі Әмірдин […]
ОҚО-да кооперативтер үшін қайтарымсыз ақша берілмек
Оңтүстік Қазақстан облысы шаруалары инвест-субсидия алып, қайтарымсыз ақшаға қол жеткізе бастады. Аталған жүйенің артықшылығы — инвест-субсидия лизинг бойынша алғашқы жарна ретінде қабылданып, жабдықтың өзі кепілзат бола алады. «ОҢТҮСТІК» Аймақтық инвестициялық орталығының мамандары кооперативтерге ұсынылатын осы […]
ОҚО алдағы уақытта 701 елдімекенді ауыз сумен қамтуды көздеп отыр
Бұл жайында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев, облыстық «Қазақстан-Шымкент» телеарнасындағы «Әкім сағаты» бағдарламасына тікелей эфирде берген сұхбатында мәлімдеді. Өңір басшысы тұрғындардың ауыз су мәселесіне қатысты сұрақтарына да жауап берген болатын. Облыс әкімінің айтуынша, […]
Пікір қалдыру