Оңтүстік Қазақстан облысындағы көне Түркістан шаһарында «Түркістан – Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылы аясында, түркі мемлекеттерінің достастығы күніне орай Түркістан қаласы, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Мәдениет орталығында Халықаралық «Алтын сақа» анимациялық фильмдер фестиваліне арналған баспасөз конференциясы өтті.Сонымен қатар, конференция барысында фестивальдің қазылары, Түркия мемлекетінің өкілі Бекир Йылдызчи, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің театр және кинематография бөлімінің бас сарапшысы Гүлнафис Мырзашева, Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» Акционерлік Қоғамы, «Анимациялық кино» шығармашылық-өндірістік бірлестігінің редакторы, сценарист Салтанат Дүнгенбаева, Қырғызстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, режиссер Тынай Ибрагимов, «САҚ» киностудиясының директоры Нуриддин Паттеев және облыстық Мәдениет басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ғалия Шарафиева, облыстық Халық Шығармашылығы орталығының директоры, ҚР Мәдениет қайраткері Нұрлан Әділханов фестиваль жайында кеңінен айтып, журналистердің сауалдарына жауап бергенін айта кеткен жөн.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да ұлттық сусындардан құрғақ сүт дайындайтын зауыт салынуда
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Түркістан қаласына жасаған жұмыс сапары барысында қымыз бен шұбаттан құрғақ сүт өнімін өндіретін «Golden camel group LTD» кәсіпорнында болып, жұмысымен танысып қайтты.Айта кету қажет, Түркістан қаласындағы индустриалды аймақта салынып […]
Түркістандық шаруа Шухриддин Мухаммедов жылыжайдың қыр-сырына қанық
Мухаммедов Шухриддин 59 жаста . Оңтүстік Қазақстан облысы Ескі Ихан ауылының тұрғыны. Ип «Мухаммед ата» жылыжай қожалығының иесі. Түркістан қаласына қарасты Ескі Ихан ауылындағы Қ.А. Ясауй атындағы жалпы орта мектеп мұғалімі.Кәсіп ашудағы негізгі мақсатыңыз қандай? […]
Түркістандық Дидар Хамзабек қолаға қол жеткізді!
Кәрі құрлықтағы Хорватия елінде жүзден астам мемлекет спортшылары қатысқан дзюдо күресі бойынша жастар арасындағы әлем чемпионатынан сүйінші хабар жетті ағайын! Түркістанның тумасы, Рио олимпиадасының қатысушысы Дидар Хамза 73 келі салмақ дәрежесі бойынша қола жүлдегер атанды. «Дидардың […]
Пікір қалдыру