Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев, Мақтаарал ауданындағы Ш.Ділдәбеков ауылдық округіндегі Бірлік елді мекеніне барып, кәсіпкер Абыз Алиповтың ауыл тұрғындарына салып берген нысандарымен танысты. Кәсіпкердің демеушілігімен ашылған спорт нысанының жақында ғана лентасы қиылған болатын. Мұнда Бірлік ауылының жастары бір уақытта спорттың көптеген түрімен шұғылданып жаттығуларына мүмкіндіктері бар. Атап айтқанда жастар мұнда волейбол, баскетбол, футбол секілді спорт түрлеріне машығады. Спорт нысанында 150 адамдық көрермендер орнымен киім ауыстыру бөлмелерімен жабдықталған. Ғимаратты салуға кәсіпкер 10 миллион теңге жұмсаған. Өз сөзінде кәсіпкер келешекте су спорты кешенін салынатындығын да атап өтті. Сонымен қатар, ісмер азамат А.Алипов ауылдағы жағдайы төмен отбасыға нөлден бастап 5 миллион теңгелік жаңа баспана салып берген. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын арқау еткен кәсіпкер аз уақыттың ішінде «Бірлік» ауылының кіреберісіне қақпа да тұрғызып беріпті.
Ұқсас жаңалықтар
Кәсіпкерлер мен инвесторларға жол ашық
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, сондай-ақ Сыртқы істер және Инвестициялар және даму министрліктері арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында ел экономикасына инвестициялардың келуін жеңілдету, бюрократия тәртіптерін және сыбайлас жемқорлық деректерін болдырмау […]
Мақтаарал мен Ордабасы аудандарындағы жолдар мен көпірлерге құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізілмек
Облысымыздың Мақтаарал мен Ордабасы аудандарындағы бірнеше шақырым жол көпірлер жөндеу көреді. Мәселен, Мақтаарал аумағында 2017 жылы 71 нысанның немесе 168 шақырым жол мен 5 көпір құрылыс-жөндеу жұмыстары қамтылатын болса, 2 нысанның немесе 11,5 шақырым жол […]
Мақтааралда 180 орындық балабақша ашылды
Мақтарал ауданындағы «Жаңаауыл» ауылында «Туған жер» бағдарламасы аясында 180 балаға арналған жаңа балабақша пайдалануға берілді. Жергілікті кәсіпкер Бахтияр Қазыбаев Елбасының бастамасына қолдау білдіріп, туған жерді түлету мақсатында мектепке дейінгі мекемені ашып отыр.Кәсіпкердің айтуынша, балабақшаның құрылысына […]
Пікір қалдыру