Мақтааралда 180 орындық балабақша ашылды

Мақтарал ауданындағы «Жаңаауыл» ауылында «Туған жер» бағдарламасы аясында 180 балаға арналған жаңа балабақша пайдалануға берілді. Жергілікті кәсіпкер Бахтияр Қазыбаев Елбасының бастамасына қолдау білдіріп, туған жерді түлету мақсатында мектепке дейінгі мекемені ашып отыр.Кәсіпкердің айтуынша, балабақшаның құрылысына 124 млн. теңге қаржы жұмсалған. 6 топтағы 180 бала мемлекеттік тілде тәрбие алады. Сондай-ақ, 24 адам тұрақты жұмысқа тартылып отыр. «Балабақша салып, пайда табуды көздеп отырған жоқпын. Елбасы ұсынған «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыруды өзіме борыш әрі құрмет деп санаймын. Ауыл балалары жастайынан бойына патриоттық тәрбиені сіңіріп, ертең еліміздің өркендеуіне үлес қосатын саналы азамат болып қалыптасуына ықпал етсем деймін» — деді Б.Қазыбаев.

Білім беру мекемесінің ашылу салтанатына Мақтарал ауданының әкімі Ғ.Исмаилов, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратовтар қатысып, тұрғындарды құттықтады. Мұнан соң қонақтар ауыл тұрғындарымен бірге балабақша ғимаратын аралап көріп, топтардың жұмысымен танысты. Сондай-ақ, балалардың әзірлеген концерттік нөмірлерін тамашалады.

Айта кетейік, заманауи үлгіде салынған балабақша ғимараты асхана, концерт залы сияқты т.б. білім беруге қажетті құрал-жабдықтардың барлығымен қамтылған.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*