Түркістанда «Шамшырақ» балабақшасы ашылды

Оңтүстік Қазақстан облысында балаларды балабақшамен қамту мәселес жыл санап өз шешімін тауып келеді. Бүгінгі таңда өңірдегі балалардың 80 пайыздан астамы бөбекжайлармен қамтамасыз етілген. Жуырда облыс басшысы Жансейіт Түймебаев, Түркістан қаласына сапары барысында тағы бір балабақшаның ашылу салтанатына қатысты. Нақтырақ айтар болсақ, Жансейіт Қансейітұлы Жүйнек ауылдық округіндегі 120 орындық «Шамшырақ» балабақшасының ашты. Жүйнек ауылдық округіндегі 120 орындық «Шамшырақ» бала бақшасын ашудағы негізгі мақсат – ауыл округіне қарасты орта мектеп ішіндегі 234 баламен жұмыс жасап істеп шағын орталықты орналастыру үшін, мектеп ғимаратындағы сынып жетіспеушілігі мәселесін шешуге яғни арнайы бала бақшаға арнап салынған ғимараттың қажеттілігінен туындаған болатын.Балабақша ғимаратының құрылыс жұмыстарын 2016 жылдың сәуір айынан бері бас мердігер «Ныш — Ер» ЖШС-гі жүргізіп келген. Құрылыс жұмыстарын 2017 жылдың мамыр айында аяқтап, бүгін қолданысқа беріп отыр. 120 балаға арналған «Шамшырақ» бала бақшасы бүгінде қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтылғанын айта кенткен жөн.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*