Биыл Оңтүстік Қазақстан облысының бағбандары 86,4 мың тонна алма жинады. Сонымен қатар, ағымдағы жылы өңірде 654,8 гектар жерге қарқынды алма бауы отырғызылғанын айта кеткен жөн. Қазіргі таңда өңірдегі қарқынды баудың жалпы көлемі 2 800 гектарға жетіп отыр. Алма өсіру – Оңтүстікте ауыл шаруашылығының басымды бағыттарының бірі екені баршаға аян. Өңірдің табиғаты қолайлы болғандықтан алма облыстың кез келген ауданында өсіруге мүмкіндік бар. Дегенмен бұл шаруашылықпен айналысуды Түлкібас, Қазығұрт, Төлеби, Сарығаш, Ордабасы және Бәйдібек ауданының шаруалары мықтап қолға алып отыр. Жалпы Оңтүстік Қазақстан облысында алма өсірумен айналысатын 100-ге жуық шаруа қожалықтары бар. Соның ішінде «Амангелді» ЖШС-гі ең ірісі саналады. Аталған серіктестік иелігінде бүгінде 530 гектар алма бауы бар. Ал, «Арсенал сад” ЖШС-гі 304 гектар жерде өз бауын жайқалтып отыр. Оңтүстік Қазақстанда өсірілген алма жемісі негізінен Қазақстанның өзге облыстарымен қатар Ресей мен Өзбекстанға экспортталады.
Ұқсас жаңалықтар
Халықаралық «Алтын сақа» фестивалінің қонақтары киелі мекендерді аралады
Оңтүстікте өткен халықаралық «Алтын сақа» анимациялық фильмдер фестивалінің қонақтары мен қазылар алқасы жəне қатысушылар Қазақстанның орта ғасырлардағы әйгілі қалаларының бірі саналатын Отырар ауданына сапар шегіп тарихи, киелі орындарды аралады. Бабтардың бабы — Арыстанбаб кесенесіне барып, […]
Оңтүстіктегі этнос өкілдерінің 70 пайызы мемлекеттік тілді еркін меңгерген
Бұл туралы бүгін ОҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасының басшысы Бастар Есқараев мәлім етті. Оның айтуынша, облыста 106 этнос өкілдері тұрады. Сол этнос өкілдерінің басым бөлігіне өз […]
Оңтүстікте бағаны тұрақтандыру мақсатында ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрменкелері ұйымдастырылуда
Бүгінгі таңда бағаны тұрақтандыру мақсатында оңтүстікте ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкелері ұйымдастырылып келеді. Сондай-ақ, Шымкенттегі «Фиркан», «Magnum», «Рахмет», секілді ірі сауда желілерімен келіссөз жүргізіліп, қазіргі таңда тұрақтандыру қорының қанты «Фиркан» сауда желісінде сатылуда.Биылғы шілде айында әлеуметтік […]
Пікір қалдыру