Шымкент қаласында мүмкіндігі шектеулі жандар күні қарсаңында №1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының қосымша 110 орындық ғимараты пайдалануға берілді. Ашылу салтанатына облыс әкімі Ж.Түймебаев арнайы қатысып, мекемеге теледидар сыйға тарту етті. Өңір басшысы ерекше күтімді қажет ететін жандарға әлеуметтік қолдау көрсету үшін жыл сайын жергілікті бюджеттен 9 млрд. теңге көлемінде қаржы бөлінетіндігін айтты.«Жылдан жылға мүмкіншілігі шектеулі жандарға деген қоғамның көзқарасы өзгеріп, оларды қоғамның бір мүшесі ретінде қабылдап келеді. Үкіметіміздің мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған кедергісіз кеңістік шаралары аясында атқарған шаралары да аз емес. Осы жылы заманауи үлгіде салынған мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған күндізгі қатынау бөлімшесі ашылды. Онда, 32 мүмкіндігі шектеулі балалар арнаулы әлеуметтік қызметпен қамтылуда. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолжетімді орта құру мақсатында биыл 219 нысан бейімделді. Бұдан бөлек, 8 мыңнан астам азамат санаторлық-курорттық жолдамамен, 2 мыңға жуық қоларбамен, 40 мың адам техникалық көмекші және гигиеналық құралдармен, 9 мыңға жуық азамат арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтылған»,-деді әкім.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да 2 мыңнан астам жоба қаржы ұйымы арқылы қаржыландырылды
Күні бүгінге дейін Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Оңтүстік» Аймақтық инвестициялық орталығы мен «Ырыс» Микроқаржы ұйымы 6 млрд. теңгеге 2 096 жобаны қаржыландырды. Соның нәтижесінде 5 мың жұмыс орны ашылғанын айта кету керек. Оның ішінде 1,7 мыңы […]
ОҚО-да жыл соңына дейін 20 шақты елді мекеннің жер асты су қоры бекітіледі
Оңтүстік Қазақстанда облысында соңғы жылдары жер асты суы төмендеп кеткен. Соның салдарынан 300-ден астам ауылды ауыз сумен қамтамасыз ету өзекті мәселе болып келген болатын. Естеріңізде болса, тіпті кей ауылдарға «Ақ бұлақ» бағдарламасымен ауыз су құбырлары […]
ОҚО 2020 жылға қарай электр қуатына тәуелділіктен толықтай арылатын болады
2020 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы электр жарығына тәуелділіктен толықтай арылатын болады. Іс-шара жоспарына сай биылдың өзінде 87 елді мекен тұрғындары сапалы электр энергиясымен қамтылмақ. Бұл мақсатқа биылдың өзінде облыстық және республикалық бюджет есебінен 11,3 млрд […]
Пікір қалдыру