Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» жобасын іске асыру мақсатында аудандық «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен аудандық «Жігіттің сұлтаны» сайысы өтті. Жүзден жүйрік таңдаған аталмыш шара Қараспан ауыл округі, Есенберлин атындағы жалпы орта метебінде ұйымдастырылды. Шарада үміткерлер «Мен қазақтың ұлымын!» және«Мақал — сөздің мәйегі», «Жігітке жеті өнерде аз», «Нысана көздеу» секілді байқаулар арқылы өзара бақ сынады.Сонымен қатар, 9 үміткер қатысқан сайыс барысында өзге үміткерлерден озық болып, жақсы нәтедие көрсеткен Шұбарсу ауыл округінен келген Серікбаев Ғарифулла ерекшеленіп, І орын иеленгенін айта кеткен жөн. Мұнан бөлек, жүлделі ІІ орын Қажымұқан ауыл округінен Төреш Сұлтанмахмұтқа бұйырды. Ал, Шұбар ауыл округінен келген Даумеков Құдияр ІІІ орын тұғырынан көріне білді. Жеңімпаздар аудандық «Жастар ресурстық орталығының» алғыс хаты және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Ұқсас жаңалықтар
Ордабасы қойының кәдуілгі қойдан қандай айырмашылығы бар?
Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференциясына қатысқан «Сералы» ШҚ төрағасы С.Әбжалов пен отырарлық «Бек» ЖШС төрағасы Б.Зұлпыхаровтар жаңа қой тұқымының ерекшелігіне тоқталды. Олардың айтуынша, бұл қойдың кәдуілгі қойдан ерекшелігінің бірі тірідей салмағының жоғарлығында екен. Мәселен, аналықтар […]
Одабасы ауданының әкімі тұрғындардың талап-тілектерін тыңдады
Одабасыда алдын ала бекітілген кестеге сәйкес, бүгін аудан әкімі Рашид Қайыпжанов тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдады. Көпбалалы ана Қадиша Ахметова өзіне Қараспан ауылынан берілген коммуналды баспананың жарығы мен жылуына қатысты мәселесін жеткізді. Қараспан ауыл округінің әкімі Қуаныш […]
Ордабасыға 7 айда 3 миллиард инвестиция тартылған
Биылғы жылдың 7 айында ауданға тартылған инвестиция көлемі 3 млрд. 753 млн. теңгеге жетіп, 2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 147,5 пайызды құрады. Ауданда 57 жобаға бюджеттен қаржы бөлініп, жұмыс жүргізілуде.АУЫЗ СУ: Бүгінгі таңға 57 елді […]
Пікір қалдыру