Шымкент қаласында дәстүрлі жалпы қалалық «13 аймақ» — Бірге болсақ, бәрі мүмкін!» атты жүгіру марафоны өтті. Салауаттыөмірсалтыменбұқаралықспорттынасхаттаумақсатында ұйымдастырылған шараға облыс әкімі Жансейіт Түймебаев, қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов, облыстық мәслихаттың хатшысы Қайрат Балабиев пен «Нұр Отан» партиясының Шымкент қалалық бөлімшесінің төрағасы Өмірзақ Мелдеханов, сондай ақ әкімдік қызметкерлері мен кәсіпқой спортшылар және қала тұрғындары жалпы саны 5 мың адам қатысты. Биыл жүгіру жолының ұзақтығы жартылай марафонға дейін ұзартылды. Ұйымдастырушылар «Kasiet» фитнес-клубы мен «13 регион» командасының айтуынша, бұл қадам марафонның болашақта жалпы қазақстандық және халықаралық спорт күнтізбесіне енгізілуі үшін жасалып отыр. Ең алыс қашықтық — 21,1 шақырым. Дегенмен, өзінің мүмкіндігін жаңадан сынап көрушілер үшін 5 және 10 шақырым жарыс жолы сақталды.Қонаев даңғылынан Бəйдібек би даңғылы бойымен Наурыз алаңына дейінгі бірінші қашықтықты облыс әкімімен бірге барлық жастағы 3 мыңнан астам қатысушы оңай жүгіріп өтті.
Ұқсас жаңалықтар
Шымкентте лабораториялық тестілеуден өткізу күшейтілді
Шымкент қаласында лабораториялық тестілеуден өткізу шаралары күшейтіліп жатыр. Бүгінде коронавирус індетінің қаупі басылмай отыр. Яғни, инфекцияны жұқтырғандар саны күн сайын артып барады. Бұл жағдайға ең бірінші себеп — қала тұрғындарының санитарлық нормаларды сақтамауы боп отыр. […]
ШЫМКЕНТ: МЕКТЕП ТАПШЫЛЫҒЫ КЕЗЕҢІМЕН ШЕШІЛЕДІ
Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталықта Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, білім саласындағы өзекті мәселелер бойынша онлайн-брифинг өтті. Брифинг барысында Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева қашықтан оқыту, ҰБТ-ға дайындық туралы ақпарат берді. — Қаламызда үш ауысымды мектептер […]
Тарихымызды тану- бірлігімізді нығайтады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай жасаған Үндеуін тыңдап, қатты толқыдым. Тоталитарлық режим ұйымдастырған қуғын-сүргіннің ең ауыр салдарының бірі — депортация болатын. Жауыз саяси жүйе КСРО аумағындағы аз халықтарға өте күшті […]
Пікір қалдыру